«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) барлық салмақ дәрежесі (Pound-For-Pound) бойынша 2015 жылдың ең үздік боксшысы атанды.

– Соңғы бір жыл ішінде тартысқа толы көптеген жекпе-жектердің куәсі болдық. Жеңіске жеткендерді бүгінгі күннің саңлақтары деп атаған кездеріміз де болды. Алайда, барлық чемпиондардың көшбасшысы Геннадий Головкин екені шүбәсіз, – деп жазады “International Business Times” басылымы.

Головкин 2015 жылы үш бірдей мықты қарсыласын тізе бүктірген. Нақтырақ айтсақ, Мартин Мюррейді 11-ші раундта, Вилли Монроны 6-шы және Давид Лемьені 8-ші раундта нокаутпен ұтты.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp