Петропавлда Қазақтан халқы облыстық Ассамблеясының ХХІІI сессиясы өтті.
Ассамблея мүшелері биылғы жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.Алдағы жылы бұл ұйымға іс-шаралар өткізуге бөлінетін қаржы мөлшері екі есе ұлғайтылмақшы. Қазіргі күні өңірде 26 облыстық және 175 аудандық этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді, Олардың құрамында 5 мыңнан астам адам бар. Жақында бірлестіктердің қатары өзбек этно-мәдени орталығымен толығады. Бүгінде Қызылжар өңірінде 600-ден астам өзбек ұлтының өкілдері тұрып жатқан көрінеді.