Биыл Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының дүниеге келгеніне 140 жыл толды. Туған күніне орай Қостанай облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған «Рухқа толы жалын жырлар» атты республикалық ақындар мүшайрасына еліміздің түкпір-түкпірінен 12 ақын қатысты.
Сөз сайысында бақ сынаған ақындар Алаш арысының өнегелі өмірін, тағылымды тағдырын, бай шығармашылық мұрасын жырға қосып, Міржақып Дулатұлының өлеңдерін жатқа оқыды.
Мүшайраға Ақылбек Шаяхмет, Қалқаман Сарин, Батырлан Сағынтаев сынды есімі елге белгілі ақындар қазылық етті. Жыр сайысының қорытындысы бойынша «Күн-Жақып!» балладасының авторы, оралдық Бауыржан Ширмединұлы бас жүлдені еншіледі. Қызылжар өңірінің намысын қорғаған жас ақын, «Soltüstık Qazaqstan» газеті руханият бөлімінің меңгерушісі Диас Аяған үшінші орынға ие болды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!
Анар ЗИЯДИНА,
«Soltüstık Qazaqstan».