Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесіне арналған “Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты жұлдызды 25 күн акциясы аясындағы “Спорттағы жетістіктер” шарасы “РИО – 2016” Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың жүлдесіне арналды. Кирилловка ауылында 2001 жылғы және одан кіші жастағы балалар арасында еркін күрестен турнир өтті. Оған Эльмира Сыздықова да қатысты.
Жерлесімізге аудан әкімі, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров алғысын білдірді. Эльмира Сыздықова жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бес сағатқа созылған тартысты сайысқа 100-ден астам балғын спортшы қатысты. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен және грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, бірнеше жеткіншек түрлі аталымдар бойынша марапаттарға ие болды.
Саранск қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің директоры Райымбек Сыздықовтың “Жеңіске деген ерік-жігері үшін” жүлдесі Әнуарбек Табылды мен Адай Ботабайға, “Үздік техникасы үшін” жүлдесі Ерсұлтан Қожахмет пен Матильда Бачуринаға, естелік сыйлығы Эльмира Сыздықова мен оның ата-анасына табыс етілді.
Эльмира Сыздықова әдіс-айласымен өзінің көңілінен шыққан София Трудникованы, Ангелина Максютованы, Матильда Бачуринаны, Әнуарбек Табылдыны, Ілияс Жантөринді атап өтті. “Жамбасқа лақтырудан үздік” деп танылған Әлия Қасымова мен “Көрермендер көзайымы” атанған Егор Шохонов “РИО – 2016” Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың марапатына ие болды.
Наталья ЕРЕМЕНКО.
Суретті түсірген автор.
Айыртау ауданы.