«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұмыс орнына бару 25%-ға азайды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ талдаушылары «Google» деректеріне сүйене отырып тұжырымдағандай, 2020 жылғы 28 қыр­күйек пен 4 қазан аралығындағы аптада қазақстандықтардың жұмыс орнында болуы 2020 жылдың басындағы көрсеткішке қара­ғанда 74-75%-ды құрады.

«Адамдардың жүріп-тұруына жасалған талдау барысы, тұтас­тай қарағанда, карантиндік шек­теу­лерді енгізу және алып тас­тау мерзіміне сәйкес келеді. Мә­селен, жұмыс орындарына бару­дың айтарлықтай бәсеңдеуі 16 нау­рызда басталып, бақылау мәндері тұрғысында 14%-ға тө­мен болды, ал наурыздың со­ңы-сәуірдің басындағы жаппай карантиннің барысында жұмыс орындарына келу әдеттегі көрсеткіштен 46%-дан 55%-ға дейін ауытқыды», деді ЕРДО болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Қаңтардағы көрсеткіштерге маусымның басындағы белгілі бір аралық уақыт жақын болды (жұмысқа бару – 78-80%). Содан кейін жұмыс орындарына бару қайтадан шілденің ортасындағы 60-63%-ға дейін төмендеуін жалғас­тырды. Одан соң бірқа­лыпты өсім қазіргі 74-75%-ға дейін көтерілді.
«Біз аталған қазақстандық­тар­дың 25-26%-ы жұмыссыз қалды де­мейміз. Керісінше, олардың басым бөлі­гі қашықтан жұмыс істеу­ге ауыст­ы деп санаймыз», деп нақты­лады талдаушы.
«Google» мәліметін зерделер бол­сақ, олардың деректер шоғы­ры, COVID-19-пен күресу­дің жаңа шек­теулеріне және басқа шаралар­ға байланысты адамдардың мінез-құлқының қалай өзгергенін көрсетеді. Есептерде адамдардың үй­лерінен қаншалықты жиі немесе сирек шығатындығы және сау­да орын­дары, ойын-сауық орта­лық­та­ры, азық-түлік дүкендері, дәрі­хана­лар, саябақтар, вокзалдар және та­ғы бас­қа жерлерге баратыны көрі­ніс тап­қан.
Ағымдағы жылдың 3 қаңта­ры­нан 6 ақпанына дейінгі және 28 қыркүйек пен 4 қа­зан аралығындағы бақылау кезең­дерін салыстырар болсақ, мейрамханалар, дәмханалар мен сауда орталықтарына бару 14-17%-ға, ал саябақтарға бару 5-7%-ға төмендегені анықталады. Азық-түлік дүкендері мен дәрі­ханаларға бару, сондай-ақ халық­тың тұрғын аудандардағы қоз­ғалысы іс жүзінде өзгерген жоқ дерлік. Ал қоғамдық көлік аялдамаларында, керісінше, бақылау қарқыны онда бару санының 27%-ға өскенін көрсетті.
 


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp