«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жөнделген мектеп — жеткіншектерге сый

Спорттық акробатикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мек­тебіне күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілді.

“Қарасай” стадионының аума­ғын­да орналасқан мектептің ірге­тасы 1967 жылы қаланыпты. Ес­кірген ғимаратты күрделі жөндеу­ден өткізу үшін биыл облыстық бюд­жеттен 22 миллион теңге бө­лінген. Мектеп директоры Ринат Бе­логоновтың айтуынша, бұл қо­мақ­ты қаражат білім ошағының қас­беті мен шатырын, тәрбиеленуші­лер­дің киімжайы мен душ кабина­ла­рын жаңартуға мүмкіндік бер­ген. Оған қоса терезелері, едені және жарықтандыру жүйесі ауыс­тырылған.

– Мектебіміздің спорт залын жөн­деуге 3,5 млн. теңге бөлінді. Бұ­дан бөлек, нә­ти­желі жұмыспен қам­туды және жаппай кәсіпкерлікті да­мытудың 2017-2021 жыл­дарға ар­налған “Еңбек” мемлекеттік бағ­дарламасы аясында акробатика­мен айналысуға қажетті заманауи жабдықтар сатып алдық. Мұның барлығын тәрбиеленушілеріміздің дүбірлі додаларда жақсы нәти­же­лерге қол жеткізуі үшін жасап жа­тырмыз. Мысалы, өткен жыл біздің құрама үшін табысты болды. Олар көптеген дүбірлі додалардан жүл­делі оралды, – дейді Ринат Ра­шитович.

Бүгіндері бұл мектепте 300-ге жуық бала акробатикамен айна­лы­сады. Солардың бірі – 17 жа­сын­да спорт шебері атанып үлгер­ген Александр Шашков. Спортпен 10 жасынан бастап шұғылданып жүрген талапты өрен – республи­ка­лық және халықаралық жарыс­тар­дың жүлдегері. Ол өткен жыл­дың қазан айында Португалияда жа­лауы желбіреген халықаралық турнирде күміс медаль иеленген. Жас акробат мектебінің бастан-аяқ жөнделгеніне дән риза.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp