Сәбит Мұқановтың айтуы бойынша, өзінің кіндік қаны тамған Жаманшұбардағы (қазіргі Тимирязев ауданы) Дос көлін жағалай қонған қырық-елу үйді “Қырдағы Сибан”, ал одан жиырма бес-отыз шақырымдағы Есенейдің Қайран көлін (қазіргі Жамбыл ауданы) жайлаған жүзден астам үйді “Ойдағы Сибан” деп атаса керек.
Осындағы “Ойдағы Сибан” орныққан жердің табиғаты өте көркем. Жағалай орман, толып жатқан бірінің суы ащы, бірінің суы тұщы көлдер. Аңы мен құсы көп, балыққа бай. Ол араның әсем табиғатын Ғабит Мүсірепов өзінің “Ұлпан” романында былай суреттейді: “… Қырдың суымен тез өсіп кететін көңді жердің бидайығы бас жарып, үлпілдегі шашақтана бастапты. Одан әрі, жарқырап жатқан көлге дейін, қара топырақты жерге шығатын мың түрлі асыл шөптер гүл атып, қызылды-жасылды шұбартып жатыр. Қыр жоңышқасының сарғыш, жасыл көк гүлдері де қою көрінеді… Балғын көктем бар ажары мен мырзалығын төге салыпты… Ұлпан пәуескеден түсе сала, көзін жұмып, мұрнын дала иісіне тосып, бір-екі рет кеудесін кере демін алды да:
– Жұмақ қой мына жер! – деді…”
Толығырақ газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.