«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңды иесіне қайтарылады

Петропавл қаласының 63 жастағы тұрғыны Комсомольская көшесіндегі үйінің ауласынан тұрмыста қажетті баспалдақ, қоларба, ет сүрлеуге арналған құрылғы, үш метрлік бес құбырдың жоғалғанын айтып, полицияға арыз берген. 

Келтірілген шығынды ол 98 мың теңгеге бағалаған. Жәбірленушінің ойынша, ұрлық екі-үш күн бұрын болған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, жақын маңда тұратын бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 39 жастағы қала тұрғынының қылмысқа қатысы барын анықтаған. Ұрланған заттар металл қабылдау орындарының бірінен табылған. Тиісті ресімдерден кейін заттар заңды иесіне қайтарылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp