«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢНЫҢ ҚҰРЫҒЫНАН ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ

Өткен жылы облыстық прокуратура шетелде жасырынған қылмыскерлерді ұстап беру жөніндегі төрт өтінішті қарап, Бас прокуратураға бағыттады. Нәтижесінде 2006-2007 жылдары алаяқтық жолмен “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамының 59 млн. теңгесін жымқырған “Петропавл шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының шағын несие ұйымы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры Б.Молдинов экстрадицияланды. Б.Молдинов алты жылдан астам уақыт бойы Қазақстаннан тыс жерде жасырынып жүрген еді. Өткен жылы Петропавл қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы бойынша оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету үшін 88 тапсырма қаралып, 69-ы – Бас прокуратураға, он екісі шетел мемлекеттеріне бағытталды. Жетеуі құқық қорғау органдарына түзету үшін кері қайтарылса, шетел мемлекеттерінен түскен 17 тергеу тапсырмалары орындалды.

Облыстық ішкі істер департаментінің Ресей Федерациясы аумағында жасырынып жүрген 2 тұлғаға қатысты қылмыстық қудалау жүргізу туралы 4 тапсырмасы қаралды. Оның екеуі түзету үшін кері қайтарылса, 2002 және 2005 жылдары аса ауыр қылмыс жасап, Қазақстан шекарасынан тыс жерде 11 жыл бойы бас сауғалаған екі азаматқа қатысты тапсырма мақұлданып, қылмыстық іс материалдарымен қоса еліміздің Бас прокуратурасына жіберілді. Олар оны ресейлік әріптестеріне бағыттады.

Өткен жылдың маусым айында Бас прокуратураға 2002 жылы Петропавл қаласында К.есімді әйелді өлтіріп, 14 жыл бойы Қазақстаннан тыс жерде жасырынып келген Ресей Федерациясының азаматына қатысты аталған елдің аумағында қылмыстық қудалау жүргізу бойынша тапсырмасымен қоса қылмыстық іс те бағытталған еді. Қазіргі таңда аталған қылмыстық істі Ресей Федерациясының қудалау органдары тергеуде.

Ресейдің құқық қорғау органдары іздеу жариялаған төрт қылмыскер экстрадицияланды. Сотталған шетелдіктердің жазаларын одан әрі өз елдерінде өтеуі үшін экстрадициялау жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған. Өткен жылы шетелдік азаматтардың жазаларын одан әрі өз елдерінде өтеу туралы 5 өтініш қаралып, Бас прокуратураға бағытталды. Бастары істі болғандар – Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің азаматтары. Барлық өтініштер аталған мемлекеттердің қарауында жатыр.

Жанар АҚМАҒАМБЕТОВА,

облыс прокурорының халықаралық келісімдерді

пайдалануды қадағалау жөніндегі аға көмекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp