«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.01.2017

ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНАДЫ

Екі апталық үзілістен кейін Петропавл – Алматы бағытындағы әуе қатынасы жанданатын болды. Алғашқы сапар 14 қаңтарға белгіленіп отыр. Әуе рейсі енді аптасына 2 рет – сейсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады. Билет бағасы бұрынғыдай 18500 теңге болмақ.

МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ БАР

Облыстың кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпорындарында екі жыл қатарынан маман жетіспеушілігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізген. 2016 жылы сауалнамаға 223 кәсіпорын қатысқан. Нәтижесінде белгілі болғандай, агроөнеркәсіп кешенінде кадр жетіспеушілігі 62 пайызды құрады. Жағдайды түзету мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, дуалды оқытудың жол картасын жүзеге асыруда. Палата, колледж және кәсіпорын арасында 2500 студентті қамтитын 85 …

МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ БАР Read More »

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Петропавл қаласының 20 жасар тұрғыны алаяқтықпен айналысты деген күдікпен ұсталды. Ол фото және бейнемонтаж арқылы электронды әмиян мен банк шотының нөмірін ауыстырып, ауыр науқасқа шалдыққан балаларға арналған қаражатты өз шотына аударып отырған. Жас жігіт бұрын сотталмаған. Аталған іске байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

291 КӨЛІК ТАПСЫРЫЛДЫ

Тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандырудың қанат-қақты жобасының қорытындысы бойынша, облыс өзіне берілген 390 квотаның, яғни тапсырылған көлік үшін берілетін өтемақының 291-ін пайдаланған. Республика бойынша 10 мың ескі көлікке квота берілген болатын. Бастама ойдағыдай нәтиже көрсеткендіктен, биыл да жалғасатын болады. Жұмысты үйлестіріп отырған компания 2017 жылдың 16 қаңтарынан сатып алу-сату үдерісіне бірқатар өзгерістер енгізіп, қызметін …

291 КӨЛІК ТАПСЫРЫЛДЫ Read More »

ЖЕҢІСКЕ ҰМТЫЛҒАНДАР

Бүгінде жерлес спортшылар үстіміздегі жылы өтетін жарыстарға тыңғылықты дайындалуда. Солардың бірі әрі бірегейі – қаңтар айында Алматы қаласында өтетін XXVIII бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары. Әлем назарын өзіне аударатын сайыста сегіз жерлесіміз облысымыздың және еліміздің намысын қорғайтын болады. Осыған орай оқырмандарымызды бәсекелі сынға қызу дайындық үстінде жүрген жерлес спортшыларымызбен таныстыруды жөн көрдік.

БАЛҒЫНДАР БАПКЕРІ

Соңғы жылдары облысымызда қысқы спорт түрлерінде ілгерілеушілік байқалуда. Әсіресе, республикалық және халықаралық сайыстарда жарыс жолына шығып жүрген жастарымыздың жетістіктері көңіл қуантады. Осы табыстарға жас бапкер Әйгерім Ақышеваның да қосып жүрген үлесі зор.

ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы белсенді жастар бірлестігінің мүшелері Петропавл қаласындағы кәмелетке толмағандарды оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне арнап концерт қойды. Бүгінгі күні орталықта 18 жасөспірім тәрбиеленуде. Отбасылық қиындықтарға тап болған балалар бұл жерді 3 ай паналайды.

ТӘРТІП — ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Қоғамдық тәртіпті бақылау – өңір полицейлерінің күнделікті жұмысы. Өткен жылы қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 13 мың тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында әйелдер де бар. 30 жастағы келіншекті учаскелік полиция инспекторы қатаң бақылауға алды. Жас әйел қоғамдық орындарда алкогольді ішімдікті ішкені үшін жарты жылдың ішінде бірнеше рет жауапқа тартылған. Бірақ бұдан сабақ алар түрі …

ТӘРТІП — ҚОҒАМ ТІРЕГІ Read More »

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

Қаңтардың бірінен бастап елімізде республикалық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы арнайы ақпарат банкі іске қосылды.

БАЛДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШПЕК

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ы “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында “Жаңартылған бағдарлама іс жүзінде: іс-әрекет, шешімдер және жетістіктер” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Бейресми форматта ұйымдастырылған “дөңгелек үстелде” бастауыш сынып мұғалімдері білім берудің жаңартылған үдерісінде қолданылатын тәсілдердің маңыздылығы жайлы әңгіме қозғады.

БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ…

“Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қараң” деген сөз бекер айтылмаса керек. Қай заманда да елдің мықты тірегі, алға бастар құдірет күші білікті де білімді жас мамандар болғаны белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміз тәуелсіздік туын тіккен күннен бастап талапты жастардың білім алып, келешекте зор табысқа жетуіне үлкен мүмкіндік жасап жатыр. Соның ішінде “Болашақ” халықаралық стипендиясының маңызы …

БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ… Read More »

“АЛМАС ҚЫЛЫШ” КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Қазақ киносының қоржыны соңғы төрт жыл ішіндегі ірі жобаға баланған тағы бір тарихи фильммен толықты. Демалыс күндері “Алмас қылыш” фильмін “Қазақстан” кинотеатрында облыс тұрғындары тамашалады. Бұл жобаның авторы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы түсірген.

ЖАҚСЫ ІСІМЕН ТАНЫЛҒАН АЗАМАТ

Оқырмандар “Ұлт басылымы” деп ұлықтайтын “Солтүстік Қазақстан” газеті ғасырға жуық ғұмырында қаншама адамның талғам биігінен көрініп, қаншама отбасының төрінен орын алды десек, жалғандығы жоқ. Басылым бетінде жарық көретін тұшымды дүниелер оқырман назарынан тыс қалмайды. Тіпті, мұндағы қаламы қарымды тілшілерден бөлек, тұрақты авторлардың есімі де көпшілікке жақсы мәлім. Солардың бірі – Ғабит Қоңырбаев.

ТЕАТР АДАМНЫҢ ЖҮРЕГІ СИЯҚТЫ соғысы бірде жоғары, бірде баяу

“Егер қоғамда жара болып жатса, оны театр емдеуге, не “бәрі жақсы болады” деп сендіруге тиісті емес, театр сол жақты саусағымен нұсқап көрсетуі керек. Сонда ғана қоғам алдындағы парызы өтеледі”. Бұл – неміс режиссері Михаэль Тальхаймердің дөп басып айтқан оймақтай ойы. Шынымен де, театр – өмірлік сұрақтарға жауап беретін жоғары интенция. Бір сөзбен айтқанда, өмір айнасы. …

ТЕАТР АДАМНЫҢ ЖҮРЕГІ СИЯҚТЫ соғысы бірде жоғары, бірде баяу Read More »

ТАЗА ӨНІМ КЕПІЛІ

Петропавлдық Гүлшат Шәкірова – өткен жылды табысты аяқтаған кәсіпкерлердің бірі. Жыл ортасында “Шәкірова Г.Ғ.” жеке кәсіпкерлігі “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасының қайтарымсыз қаржысына қол жеткізсе, күзде “Қазақстанның үздік тауарлары” байқауының облыстық кезеңінде “Өндіріске арналған үздік тауар” аталымында жеңімпаз деп танылып, қараша айында Астана қаласында өткен байқау-көрмеге қатысты. Ашылғанына төрт жыл болған бизнес субъектісі …

ТАЗА ӨНІМ КЕПІЛІ Read More »

ӨНІМДІ ҰЛҒАЙТЫП, ТЕХНОЛОГИЯНЫ ИГЕРУ МАҢЫЗДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында экономиканың негізгі салаларының бірі – аграрлық сектордың дамуына зор көңіл бөліп, нақтылы тапсырмалар береді. Ал “100 нақты қадам” Ұлт жоспары бағдарламасында ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту мақсаты алға қойылған. Яғни, еліміздің агросекторы үшін шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау міндеттері …

ӨНІМДІ ҰЛҒАЙТЫП, ТЕХНОЛОГИЯНЫ ИГЕРУ МАҢЫЗДЫ Read More »

ЗАҢНЫҢ ҚҰРЫҒЫНАН ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ

Өткен жылы облыстық прокуратура шетелде жасырынған қылмыскерлерді ұстап беру жөніндегі төрт өтінішті қарап, Бас прокуратураға бағыттады. Нәтижесінде 2006-2007 жылдары алаяқтық жолмен “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамының 59 млн. теңгесін жымқырған “Петропавл шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының шағын несие ұйымы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры Б.Молдинов экстрадицияланды. Б.Молдинов алты жылдан астам уақыт бойы Қазақстаннан тыс жерде …

ЗАҢНЫҢ ҚҰРЫҒЫНАН ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МІНСІЗДІГІ — КӘСІБИЛІГІНДЕ

Елбасымыз халыққа уақыттың сынына төтеп беретін, бүгінгі дәуірдің сұранысын қамтамасыз ете алатындай стратегиялық бағдарлама ұсынды. Ұзақ уақыттық толғаныстан туған “100 нақты қадам” Ұлт жоспары – заман талабы. Өйткені, заманауи мемлекет құру, қоғамымызда заңның үстемдігін арттыру, орнықты экономиканың негізі – индустриялық өсім, болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру және ашық, транспарентті мемлекет құру бүгінгі әлемде болып жатқан сан …

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МІНСІЗДІГІ — КӘСІБИЛІГІНДЕ Read More »

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қылышын сүйретіп келетін қаһарлы қыстың қамын жаз ойлағандар ұтады. Елді мекендердегі жол қатынасын реттеу мақсатында Ақжар ауданының әкімдігі ауылдардағы техникасы бар кәсіпорындармен келісім жасаған болатын. Бүгінде өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып отырған шаруашылықтарға жергілікті билік қана емес, ауыл тұрғындары да разы.

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ — НАЗАРДА

Облыс әкімі Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте бiрқатар маңызды мәселелер қаралды. Соның бірі – көктемгi су тасқынына дайындық.