«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЗАҢ КЕРУЕНІ” АКЦИЯСЫ

Мағжан Жұмабаев ауданында облыстық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен “Мәңгілік ел “Заң керуені” акциясы өткізілді.

Акцияға облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті М.Жұмабаев атындағы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты. Акция барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тексерілді. Прокурорлар пробация қызметінің, өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің назарын әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөнінде шағымдар мен наразылықтар болатынына назар аударды. Қамқорлықтағы адамдар тарапынан шағым түскен жоқ. Кездесу қорытындысы бойынша облыстық прокуратура қызметкерлері сотталғандардың қойған барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp