«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Игі бастама жалғасуда

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “Менің елім, менің Қазақстаным!” атты тарихи сабақ жалғасуда.

Осы жолғы сабақ “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығының курс тыңдаушыларына өткізілді. Мұражай-кешенінің экскурсиялық көпшілік жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Әсемгүл Қыдбекова сабақ барысында тыңдаушыларды еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері және тарихымен таныстырып, мұражайда сақталған құжаттар, түрлі жәдігерлер мен құнды деректерді сөйлету арқылы, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке, елін, жерін құрметтеуге шақырды.

“Мұражай адамның рухани және шығармашылық қасиеттерін шыңдайды екен. Абылай ханның үлгі тұтарлық өмір жолдарымен танысып, оның қару-жарақ топтамасын тамашалап, жақсы әсер алдық”, – дейді мұражайға келушілер.

Сонымен қатар, осы күні мұражай қызметкерлері №10 орта мектеп қарамағындағы шағын орталықтың бөбектеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған “Біздің Елбасы” атты мұражай сабағын өткізді. Сабақ Елбасының өмірі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтері жайында әңгіме-диалог ретінде өтті. Осындай сабаққа қаламыздың “Еркемай” балабақшасының бөбектері де қатысты.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp