Жерлесіміз — лауреат
Республикалық “Бала дауысы” байқауына қатысып, біздің өңіріміздің намысын қорғаған 13 жастағы Есения Епифанцева лауреат атанды. Байқауға барлық өңірлерден 23 әнші бала қатысқан. Дарынды қыз конкурстың бірінші кезеңінде “Шашы ұзын қыз” әнін орындаса, екінші күні Гала концертте өзінің жетекшісі Айқын Төлепбергенмен бірге “Шатты күн” әнін шырқады.