«Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Новоишимское ауылына жақын маңдағы айналма жолда полицейлер жол талғамайтын көлігінде 500 литр гербицид бар Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады. Жүргізушіде химиялық затқа құжаты болмаған, сондай-ақ ол оны көршілес Тимирязев ауданынан сатып алдым деген. Күдікті көлік аудандық полиция пунктіне жеткізілген.
Кейіннен гербицидтің бірер күн бұрын Тимирязев ауданынан 50 шақырым Мичурино ауылының маңындағы ЖШС-нің бірінен ұрланғаны анықталды. Ұрлық жасады деген күдікпен ЖШС-тің 33 жасар механизаторы ұсталды. Дәрілеуге жұмылдырылған механизаторларға гербицид жеткізіп, таратуға жауапты болған ауыл тұрғыны гербицидтің бұл партиясын бірнеше күн бойы жинаған. 500 литр жинаған соң ол Көкшетаудағы танысына хабарласып, оны 500 мың теңгеге сатуға келіскен. Сатып алушы гербицидті егіс даласынан алып, үйіне қайтып бара жатқан жерінен ұсталды.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған гербицид иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Қырағылық танытқаны үшін облыстық полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Марат Төлебаев гербицид иесінің құқық қорғау органдарына жүгінгенінше ұрлықтың бетін ашқан патрульдік полицейлерді марапаттамақшы.