«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Интернет арқылы жасалған ұрлық

Жуырда полицияға 61 жасар қала тұрғыны жүгінген. Ол бірер күн бұрын сауда үйінде банк картасын жоғалтқан екен. Оған банктен хабарласып, картаны сауда үйінің әкімшісі тауып алғанын айтқан. Әйел картасын алып, өзінің шотын тексерген кезде 23 мың теңгенің жоғалғанын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері сауда үйіндегі бейнекамералардың жазбаларын тексеріп, одан еденде жатқан карточканы бір әйелдің алғанын анықтаған. Тәртіп сақшылары оның жеке тұлғасын анықтады. Күдікті – 34 жасар қала тұрғыны карта арқылы интернет дүкенде киім сатып алып, кейін оны тауып алған жеріне апарып тастаған. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

– Интернет-ұрлықтарының интернет-алаяқтықтан ерекшелігі – қаскөйлер электрондық шотқа қол жеткізу үшін жәбірленушілермен қарым-қатынас жасамайды, – дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Интернет-ұрлықтан сақтану үшін банк карталарына және оның реквизиттеріне, яғни, нөмірі мен сырт жағындағы CVV-кодына бөтен біреулердің қол жеткізуіне мүмкіндік бермеу керек. Әсіресе, төлемді пин-кодсыз жасайтындар, яғни Wi-Fi функциясымен жабдықталған банк карталарының иелері аса сақ болулары тиіс. Сондай-ақ, банк қосымшасы арқылы интернеттегі сатып алуларға лимит орнатқан жөн, карта жоғалған немесе қолды болған жағдайда қаскөйлер оны интернет-дүкендерде пайдалана алмайтын болады.
Жыл басынан бері облысымызда 25 интернет-ұрлық тіркеліп, оның оны ғана ашылды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp