«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Интернет-танысудың құрбаны – ақсақал

Соңғы жылдары Интернет арқылы танысу кеңінен тараған. Осындай жолмен өздерінің жұптарын тауып жатқандар аз емес. Алайда бұл жол арқылы өзінің пасық ойларын жүзеге асырып, оңай олжаға кенелуді көздейтіндер де кездеседі. Мына оқиға соған айқын мысал бола алады. Сайттардың біріндегі жаңа танысу Петропавлдың 65 жасар тұрғыны үшін жайсыз аяқталды. Оның карточкасындағы барлық ақшасы қолды болған. Зейнеткер танысу сайттарының біріне тіркеліп, өзінің сауалнамасын қалдырған. Сол жерде бір бойжеткенмен танысып, хат алмасқан. Жаңа танысы зейнеткерге киноға баруды ұсынып, жалған «Kvadrofilms» сайтының мекенжайын жіберген. Ол тағы күнін, кино болатын залды және сеанстың уақытын алдын ала таңдауға болатынын айтып түсіндірген. Сайтқа өткен ақсақал өз карточкасының деректемелерін қалдырған. Біраз уақыттан соң «кинотеатр операторы» хабарласып, телефонына келген кодты айтуын сұраған. Барлық операциялардан кейін зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын және картасынан 118 мың теңге ақша қаражатының қолды болғанын түсінген. Сан соғып қалған зейнеткердің полицияға арыздануынан басқа амалы қалмаған.

  -Қаскөйлер «Жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг» және «SMS-парольдерді жеткізу» сервистерін пайдалану арқылы ақшаны жәбірленушінің шотынан басқа шотқа аударған. Қандай жағдай болмасын жеке деректерді немесе банк картасының пин-коды, шоттың нөмірі, әлеуметтік желідегі логин мен құпиясөз, банк картасының сыртында орналасқан CVV/CVC – кодтар сияқты құпия ақпараттарды ешкімге айтуға болмайды – дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов.    

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp