«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАНИКУЛ ҚАУІПСІЗ БОЛСА ҚҰБА-ҚҰП

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қалалық оқу орындарының педагогикалық қызметкерлерімен өткізген нұсқамалық тәжірибе сабағында суға шомылу кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, демалыс лагерьлері аумағында өрттің алдын алу мәселелері қозғалды.

Балалардың жатын бөлмелерінде өрт болмау үшін не істеу қажет, от шыққан жағдайда қандай әрекет жасау керек, өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағаны анықталған жағдайда әкімшілік пен тәрбиешілердің жауапкершілік деңгейі қандай – осындай сұрақтарға департаменттің өртке қарсы қызметінің тәжірибелі қызметкері Ербол Қуанышев жауап берді. Ол сабаққа қатысушыларға өрт сақтығында алдын алу іс-шараларын өткізудің маңыздылығы туралы айтып, балалар зардап шеккен оқиғалардан мысалдар келтірді.

Құтқару станциясының бастығы Сергей Черкасов ұстаздарға балаларды ұдайы бақылауға алуды, лагерь сыртында олардың өз бетінше шомылуына жол бермеу керектігін ескертті. Ол соңғы жылдары кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қаза болған оқиғаларын мысалға келтіріп, су басында балаларды дұрыс қадағаламаудың ақыры олардың мерт болуына әкеп соғатынын түсіндірді.

Лагерь қызметкерлері өздерін қызықтыратын нормативтік актілер ережесін жазып алып, сабақ тақырыбы аясында көптеген сұрақтар қойды.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp