«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.06.2014

АДАЛДЫҚ АНТЫ

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған бір топ жас мамандар салтанатты жағдайда ант қабылдады. Жиынды құттықтау сөзбен ашқан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Қадырбек жиналғандарды егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді айқындайтын басты нышандарымызды аялау құрметіне ие болған жастардың жұмысына сәттілік тіледі.

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҢҒЫ ҚЫЗЫҒЫ БОЛДЫ

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кеткен 17 жасар Владислав Виниченконың өлі денесі көлден табылды. Жамбыл ауданындағы Чапаевка ауылынан жоғалып кеткен 17 жасар жасөспірімді іздеушілер оның мәйітін Буденное және Чапаевка ауылдары арасындағы көлден тапты. Жасөспірімнің денесінен зорлық-зомбылықтың белгісі байқалмаған. Алайда, мәйіт сот-медицина сараптамасына жіберілді, оның барысында оқиғаның мән-жайы анықталады, – дейді осы …

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҢҒЫ ҚЫЗЫҒЫ БОЛДЫ Read More »

ТАҒЫ БІР БАЛЫҚШЫ ҮЙІНЕ ОРАЛМАДЫ

Жыл басынан бері 8 адам су құрбаны болды, оның 7-еуі – балықшы.  Соңғы қайғылы жағдай Жамбыл ауданының Екатериновка ауылы маңындағы Пятное көлінде орын алды. Ауылдың 73 жастағы тұрғыны таңертең ескекті қайықпен көлге балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Оның балық аулаудан келмегендігін келесі күні туысқандары құқық қорғау органдарына хабарлаған. Соған орай жедел іске кіріскен суда …

ТАҒЫ БІР БАЛЫҚШЫ ҮЙІНЕ ОРАЛМАДЫ Read More »

ОТ АҢҒАЛДЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

Жыл басынан бері облыс аумағында 379 өрт болып, одан 42 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Өрт кезінде 28 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 4-еуі – бала. Осы кезеңде 20 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада 17 өрт тіркелді. Жаздың бірінші күні Петропавл қаласындағы Хорват көшесінде жеке тұрғын үйдің орамында өрт шықты. Аулада …

ОТ АҢҒАЛДЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ Read More »

БАС ЖҮЛДЕ – АЛАҢ ИЕЛЕРІНДЕ

Уәлиханов ауданының орталығында 2003-2004 жылдары туған балалар мен жасөспірімдер арасында футболдан облыстық “Былғары доп” турнирі өтті. Жас футболшыларымыздың шеберлiгiн арттыру және тәжiрибелерiн шыңдай түсуді көздеген шараға Петропавл қаласы мен аудандық кезеңдердің жеңімпаздары келді. “Миллиондардың ойыны” атанған футбол додасының қорытындысы бойынша Уәлиханов, Ақжар және Қызылжар аудандарының командалары өз топтарында жеңіске жетіп, ақтық сында өзара шеберлік сынасты. …

БАС ЖҮЛДЕ – АЛАҢ ИЕЛЕРІНДЕ Read More »

АБАЙ БОЛЫҢДАР, БАЛАЛАР!

Полиция қызметкерлері облыс орталығындағы №10 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жол сақшылары мектеп оқушыларына түрлі-түсті үгіт-насихат материалдары мен киімдеріне немесе сөмкелеріне тағып алу үшін жарыққа шағылысып, алыстан байқауға мүмкіндік беретін құралдар таратты. Бұған қоса оқу жылын үздік бітірген 50 оқушыға “autocontrolkz” компаниясы мен жол полициясы қызметкерлері бірлесіп ерекше сыйлық жасады. Олар балаларды …

АБАЙ БОЛЫҢДАР, БАЛАЛАР! Read More »

МЕРЕКЕ ҚҰРМЕТІНЕ

Халықаралық балаларды қорғау күні “Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат” мекемесінде мерекелік жиыннан басталып, баспананың дарынды оқушылары арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Айта кетерлік жайт, мектеп-интернат оқушыларының спортқа құлшыныстары өте жоғары және республика бойынша түрлі вокалдық, би сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. “Қызылжар” орталық мешітінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, осы мерекеге …

МЕРЕКЕ ҚҰРМЕТІНЕ Read More »

Деректер мен дәйектер

Солтүстік Қазақстан облысында 74 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Соның ішінде 48 мекеме Білім басқармасына (оның 10-ы жекеменшік), 26 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі және Денешынықтыру және спорт басқармасына қарайды. Оқушыларды қосымша біліммен қамту деңгейі олардың жалпы санының 45,5 пайызын (республика бойынша 23 пайызын) құрайды. 2014-2015 жылдары қосымша білім беру мекемелерінің желісін әр ауданда …

Деректер мен дәйектер Read More »

МЕКТЕП ТЕАТРЫ – ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Біздің №13 орта мектепте қуыршақ театры жұмыс істей бастағанына бір жыл болды. Бұл мектеп инклюзивтік бағыттағы білім ошағы болғандықтан, театрға қатысатын 17 бүлдіршіннің 8-і – тірек-қимыл мүшелері зақымданған балғындар. Қуыршақ театрының өз қойылымдарын қоюына көп орын да қажет емес. Мектептің бір бұрышына балалар мен ұстаздар және ата-аналардың өз қолдарымен дайындалған шағын сахнасы орнатылады да, балғындар …

МЕКТЕП ТЕАТРЫ – ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ Read More »

КАНИКУЛ ҚАУІПСІЗ БОЛСА ҚҰБА-ҚҰП

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қалалық оқу орындарының педагогикалық қызметкерлерімен өткізген нұсқамалық тәжірибе сабағында суға шомылу кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, демалыс лагерьлері аумағында өрттің алдын алу мәселелері қозғалды. Балалардың жатын бөлмелерінде өрт болмау үшін не істеу қажет, от шыққан жағдайда қандай әрекет жасау керек, өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағаны анықталған жағдайда әкімшілік пен тәрбиешілердің жауапкершілік деңгейі …

КАНИКУЛ ҚАУІПСІЗ БОЛСА ҚҰБА-ҚҰП Read More »

ӨЗГЕЛЕРГЕ ӨНЕГЕ БОЛА БІЛСЕК…

Мен педагогикалық еңбек жолымды Вагулино орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі ретінде бастадым. Мұғалімдікті бітіріп, 15 жылдан бері тапжылмастан, еңбек жолымды бастаған мектебімде ұстаздық етіп жүрмін. Мамандығым өзіме ұнайды. Білім ошағында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдігімен қатар мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарамын. Ұстаз қай жағынан болсын өзгелерге үлгі-өнеге бола …

ӨЗГЕЛЕРГЕ ӨНЕГЕ БОЛА БІЛСЕК… Read More »

БҮГІН – ОҚУШЫ, ЕРТЕҢ – ОТАН ҚОРҒАУШЫ

Жастардың саяси-әлеуметтік көзқарасын, отаншылдық сезімдері мен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру – кез келген қоғамның өзекті мәселесі. Соған орай жастар мен жас жеткіншектердің басын қосатын түрлі ұйымдар бой көтеріп, орталықтар құрылып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Біздің аудандық білім бөлімі де жас жеткіншектерге рухани нәр беру мақсатында бірқатар игі жұмыстар атқарып жатса, солардың бірі – “Жас Ұлан” әскери саптық …

БҮГІН – ОҚУШЫ, ЕРТЕҢ – ОТАН ҚОРҒАУШЫ Read More »

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР – еліміздің зияткер болашағы

Әр баланың бойында туғаннан өзіне тән күші мен мүмкіндігі болады және оған жайлы жағдай жасалса, оқушының осы қабілеттері табиғи, эмоционалдық, көшбасшылық, көркемдік, тағы басқа да жағынан байқалуы мүмкін. Біздің мектептің мұғалімдері жұмыс барысында осы мәселелерді ескеріп отырады. Дарынды балалармен жұмыс мазмұны әр оқу пәнінің аясында анықталады. Мектебіміздің ұстаздары дарынды оқушылармен жұмыс тәсілдері мен түрлеріне басқа …

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР – еліміздің зияткер болашағы Read More »

АРАЛАСҚАННЫҢ ҰПАЙЫ ТҮГЕЛ

Ғылыми әлеуетті, оқытушылар мен студенттердің кәсіби деңгейін арттыру және тәжірибе алмасу аясында облыстың кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері Ресей Федерациясының өңірімізге жақын жатқан оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан. Екі ел арасында тәжірибе алмасу және тарату бойынша әртүрлі шаралар өткізіледі. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі Қорған облысының Шадринск қаласындағы политехникалық білім ошағымен, Ресей мемлекеттік кәсіптік-педагогикалық университетінің …

АРАЛАСҚАННЫҢ ҰПАЙЫ ТҮГЕЛ Read More »

“БАЛАУСА” – БҮЛДІРШІНДЕР МЕКЕНІ

Бұған дейін “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі” (Казахстанская правда к., 35) орналастырылған бұрынғы “Малинка” балабақшасы қайта жөнделіп, онда қазақ тілінде тәрбие беретін 80 орындық “Балауса” балабақшасы ашылған болатын. Жаңадан ашылған мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында бүлдіршіндер мекеніне келгенімізде балалар тынығу сағатынан тұрып, ойынға кірісіп кетіпті. “Балауса” балабақшасының директоры …

“БАЛАУСА” – БҮЛДІРШІНДЕР МЕКЕНІ Read More »

КЕҢ МЕКТЕП БҰЙЫРМАҒАН АУЫЛ

Шал ақын ауданындағы Қаратал орта мектебі – облысымыздағы ғимарат тарлығынан қиындық көріп келе жатқан екі-үш мектептің бірі. Биылғы оқу жылында мұнда 86 бала оқытылды. Бір кездері өзінің бөлімшесі болып саналған бұл ауылға Ы.Ыбыраев атындағы кеңшар 60 оқушыға арналған бірқабатты ғимаратты шаруашылық әдісімен 1975 жылы тұрғызған болатын. Онда шаруашылықтың орталық қонысында үшқабатты зәулім мектеп пен жүз …

КЕҢ МЕКТЕП БҰЙЫРМАҒАН АУЫЛ Read More »

КОРЕЯ БІЛІМІМЕН ДЕ КӨШ БАСЫНДА

“Өрлеу” педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру ұлттық орталығының 55 оқытушысы мен қызметкері Оңтүстік Кореяда біліктіліктерін арттырып келді. Қазір Германия, Австралия, Ресей, Жапония, Сингапур елдерінің ұлттық білім жүйелерінің тәжірибесін зерттеу үшін келесі топ дайындалып жатыр. Smart learning тәжірибесімен алмасуға Қазақстаннан барған топтың арасында менімен бірге “Өрлеу” солтүстікқазақстандық филиалындағы әріптестерім Рүстем Түлеков, Айжан Мұрзабаева, Жанна Сейтжанова болды. Біз …

КОРЕЯ БІЛІМІМЕН ДЕ КӨШ БАСЫНДА Read More »

ҚИЫН БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Оқушының жақсы немесе жаман болып қалыптасуына қоршаған ортаның әсері зор. “Қиын баланың” қалыптасуына оның тұратын жерінің де әсері болуы мүмкін. Оқушы үшін мектептің орны бөлек. Ғалымдар құқық бұзушы жасөспірімдердің саны кейбір мектептерде тұрақты түрде көп болатынын және оның жаман тәртібімен көзге түсуі негізгі екі факторға байланысты екендігін анықтаған. Оның бірі мектептегі мұғалімдердің ауысуы болса, екіншісі …

ҚИЫН БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ? Read More »

БОЛАШАҚҚА – НЫҚ ҚАДАМ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында атап көрсеткеніндей, XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуға, соның ішінде балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту, педагог кадрлардың сапасын жақсарту, мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқуына …

БОЛАШАҚҚА – НЫҚ ҚАДАМ Read More »

СПОРТ – БІЗДІҢ СЕРІГІМІЗ

Біздің мектепте бар-жоғы жетпіс оқушы білім алады. Олардың арасында түрлі жарыстарда жүлделі орындар алып, мектеп мақтанышына айналғандары жетерлік. Мектептегі спорт секциялары жақсы жұмыс істейді. Биылғы оқу жылының өзінде аудан, облыс, тіпті, республика көлемінде өткізілген көптеген спорт жарыстарында мектеп оқушылары жеңімпаз атанып, бүкіл ауылымыз болып қатты қуандық. Мейірбек Әнуарбек қазақ күресінен Ақтау қаласында өткен Қазақстан чемпионатына …

СПОРТ – БІЗДІҢ СЕРІГІМІЗ Read More »