“Бала сүю бақытына зар болған әйелдердің бірі – менмін. Жасанды ұрықтандыру әдісіне жүгінуге көлемді қаражат керек екенін білемін. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан квота бөліне ме, егер бөлінген жағдайда оған қалай қол жеткізуге болады?”.
Айнұр.
Петропавл қаласы.
Оқырман хатына облыстық денсаулық сақтау басқармасынан келген жауаптың мәтінін толықтай ұсынып отырмыз:
“ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Көмекші репродуктивті әдістер мен технологияларды жүргізу қағидасын бекіту туралы” 2009 жылғы 30 қазандағы №627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 30.03.2011 ж. №162 қаулысына сәйкес басқарма бедеулікке шалдыққан адамдарды, пациенттің медицина ұйымдарын еркін таңдау құқығын есепке ала отырып, ЭКҰ өткізу бойынша медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырысқа ие денсаулық сақтау ұйымдарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен (бұдан әрі – ТМККК) бөлінген көлемдер аясында экстракорпоральды ұрықтандыруды (бұдан әрі – ЭКҰ) жүргізуге жолдау туралы комиссия шешім қабылдайды. ТМККК аясында ЭКҰ бағдарламасы бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін сіз тұрғылықты жеріңіздегі емханаға қаралуыңыз, бедеулік бойынша диспансерлік есепке тұруыңыз, жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес толықтай клиникалық-зертханалық тексеруден өтуіңіз және облыстық денсаулық сақтау басқармасының жанындағы ТМККК аясындағы ЭКҰ бағдарламасына пациенттерді комиссиялық іріктеуге қатысуыңыз керек. Осыған байланысты сіз алдымен тұрғылықты жердегі әйелдер консультациясына (емханаға) қаралуыңыз керек”.