«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.01.2016

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Қостанайда 2001-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында суда жүзуден республикалық көпсайыс өтті. Оған барлық өңірден 16 құрама команда, 200-ден астам спортшы қатысты. Аталмыш додада олимпиадалық резервтегі “Дельфин” мамандандырылған балалар мен жастар спорт мектебінің 8 тәрбиеленушісі облыс намысын қорғады.

РИО ЖОЛДАМАСЫ ҮШІН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Солтүстікқазақстандық велоспортшы Артем Захаров Гонконгте тректегі велосипед спортынан өткен әлем кубогында қола медальды иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова хабарлады.

ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН ҚУЫЛДЫ

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләловтің қатысуымен өткен тәртіптік комиссияның отырысында полицияның бірқатар басшы қызметкерлері қатаң сөгіс арқалады. Жиында ішкі қызметтік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрлан Қапаров тәртіп сақшыларының жемқорлық әрекеттері жайлы баяндады. Тәртіптік комиссия шешімімен 100 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының 2 жедел уәкілі Жангелді Сахатов пен …

ҚЫЗМЕТТЕРІНЕН ҚУЫЛДЫ Read More »

ӘЛИЯНЫҢ ЖЕҢІСІ

Әскери қызметте психологтердің атқаратын жұмысы орасан зор. Отан алдындағы борышын өтеуге ниетті азаматтардың ішкі дайындығы, әскери адамның жан дүниесі, өмірге көзқарасы да көп жағдайда психологтердің бақылауында болады. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары олардың жұмысын ынталандыруды жыл сайын игі дәстүрге айналдырған. Әскери саладағы психологтердің арасында өткізілген бұл жолғы байқау сөзімізге дәлел бола алады.

КВОТАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАМЫН БА?

“Бала сүю бақытына зар болған әйелдердің бірі – менмін. Жасанды ұрықтандыру әдісіне жүгінуге көлемді қаражат керек екенін білемін. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан квота бөліне ме, егер бөлінген жағдайда оған қалай қол жеткізуге болады?”. Айнұр. Петропавл қаласы.

СЫРЛЫ СЕЗІМДІ АҚЫН

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жерлесіміз Әмина Шалабаеваның 100 жылдығына арналған “Жыры елімен мәңгі бірге” атты поэзия кеші өтті. Шараға өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, ақынның жақын туыстары және әдебиетке әуес өрендер қатысты.

ТОЙ КЕРУЕНІ ауданның барлық ауылдарын аралайды

Биыл Қазақстан жұртшылығы тағдырдың қымбат тартуы – тұғырлы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтеді. Осыған орай Айыртау ауданының орталығындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері композициясының жанында ұлы тойға арналған іс-шаралар бастау алды.

ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫМЕН

Ұлан-байтақ еліміздің солтүстік қақпасы атанған өңіріміз – қасиетті топырақ, киелі мекен. Жайқалтып егін, мыңғыртып төрт түлік мал өсіруге қолайлы облысымыз құнарлы топырағымен ғана емес, қазақ тарихы мен мәдениетіне, экономикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, айшықты із қалдырған ел азаматтары, намысты ұл-қыздарымен де мақтана алады. Талай алыптың да, тың бастамалардың да туған жері саналатын Солтүстік Қазақстан облысы …

ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫМЕН Read More »

ТАБЫСЫМЫЗ ТОЛАЙЫМ

Облыс орталығындағы қазақ-түрік лицейі – елімізде тәуелсіздік таңы арайлап атқан күннен кейін ашылған білім ордаларының бірі. Егеменді еліміздің ұландарына заман талабына сай бағыт-бағдар беруді мақсат тұтқандықтан, бүгінгі күні бағындырған белестеріміз айтарлықтай.

ДАРЫНДАРДЫҢ ҰСТАСЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қасым Нұрғалиев Айыртау ауданындағы Дәуқара орта мектебінде 1991 жылдан бері ұстаздық етіп келеді. Бұған дейін бірнеше жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен Қасым Нұрғалиұлы Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеттің сырттай бөліміне оқуға түсіп, сол жылы Дәуқара орта мектебіне қызметке орналасты. Ел тәуелсіздігімен бірге жасасып келе жатқан …

ДАРЫНДАРДЫҢ ҰСТАСЫ Read More »

ТІГІНШІНІ ИНЕСІ АСЫРАЙДЫ

Светлана Жильцова – өз ісінің білікті маманы. Маман ғана емес, өзі сияқты бірнеше ісмерді жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер әйел. Еліміз жаңа мыңжылдыққа аяқ басқан кезде Светлана да өзін жаңа бір қырынан көрсетуге талпынған. – Біз 2000 жылы “Амазонка” тігін шеберханасын аштық. Содан бері 16 жыл артта қалды. Арнайы тапсырыс қабылдайтындықтан, біздің клиенттеріміз өте көп. Жұмыстан …

ТІГІНШІНІ ИНЕСІ АСЫРАЙДЫ Read More »

ҚАЛАҒА ЖАҚЫН АУЫЛДА қуанарлықтай өзгерістер бар

Елбасының Жарлығына сәйкес әртүрлі деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беруі биыл 11 мәрте өтуде. Бүгінгі күні алдымен ауыл әкімдері әлеуметпен ашық әңгіме жүргізуде. Қызылжар ауданының Петерфельд ауылдық округінің әкімі Асылхан Қасымов Боровское ауылы тұрғындарымен кездесті. Тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл округтің басқаларға қарағанда жағдайы көш ілгері. Облыс орталығының іргесінен қоныс тепкен округте әл-ауқатын жақсартқысы келгендерге …

ҚАЛАҒА ЖАҚЫН АУЫЛДА қуанарлықтай өзгерістер бар Read More »

БОЛАШАҒЫМЫЗ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

Қазақстан жаңа жаһандық кезеңге аяқ басты. Бірақ елімізде экономикалық дағдарыс орын алып, соған байланысты қиындық туындауда. Дағдарыстан аман-есен өту мақсатында Елбасымыз Қазақстан халқына “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауын арнап, сындарлы стратегиясымен сара жол көрсетті.

ОҢТАЙЛЫ МҮМКІНДІК

Мәжіліс депутаттарының Парламенттің төменгі палатасының және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастамасы түрлі пікірталас алаңдарында қызу талқылануда. Үн қосушылар арасында бұл шешімнің дұрыстығына күмән келтіріп, қарсы пікір айтып жатқандар жоқ десек те болады. Депутаттардың мұндай шешімге келуіне алдымен әлемде қалыптасқан жағдай себеп болып отыр. Бұл қадам халық қалаулыларының жоғары саяси жауапкершілігінің көрінісі, …

ОҢТАЙЛЫ МҮМКІНДІК Read More »

ДЕПУТАТТАР ШЕШІМІН ХАЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ

Жасым тоқсанға келсе де, құлағым түрік, көкірегім ояу. Ел жаңалықтарын қалт жібермеймін. Елбасының Бес институттық реформасын қолдап, Мәңгілік Ел болуға ұмтылған халқымыздың тілеуін тілеп отырамын. Мен кейде маңдайына жазылған тағдырдың небір теперішін көріп өскен біз сияқты аға ұрпақты құрыштан құйылған сом болаттай көретінім бар. От пен оқтың ортасында арпалыса жүріп, бірлік пен ынтымақтың арқасында жауды …

ДЕПУТАТТАР ШЕШІМІН ХАЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ Read More »

ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР БАР

Кеше “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, 2015 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланды. Өткен жылы аталмыш қоғамдық кеңес 7 отырыс өткізіп, көтерілген мәселелерге байланысты мемлекеттік органдарға бірталай ұсыныстар жасаған екен. Алайда, аталмыш ұсыныстарды орындауда кейбір мемлекеттік органдар салғырттық танытып, тіпті, ескермеген. Бұл орайда Петропавл қаласы мен бірқатар …

ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР БАР Read More »

БИІК БЕЛЕСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” Жолдауында: “Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен “Мәңгілік Ел” идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақмерзімді, ортамерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегиямыз бар”, – дей келіп, дағдарысқа қарсы қолданылатын басты шараларды алға тартты.

ТИІМДІЛІГІ ЗОР ТЫҢ ЖОБА

Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтанов “KazInterSoft” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерімен кездесіп, Петропавл қаласында қолға алынған “BusReport” диспетчерлік жүйесі жобасымен танысты. Сондай-ақ, облыс орталығындағы аялдамалардың бірінде орнатылған “ақылды таблоны” тамашалады.