«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАС – «ALMATY»

Шайбалы хоккейден «Pro Hokei Ligasy» ел біріншілігінің алтыншы тур ойындары аясында жергілікті «Qulager» командасы өз алаңында елордалық «Snejnie Barsy»-мен кездесті.

Петропавл қаласында өткен кездесудің алғашқы ойынында айдын иелері басымдық танытты. Төрт минут өтер-өтпесте Михаил Шерстюков есеп ашса, одан соң Булат Хамматов нысананы дәл көздеді. 35-минутта екінші рет мергендігімен көзге түскен Михаил Шерстюков дубль авторы атанды. Елордалық хоккейшілер есеп айырмасын тек соңғы сәтте ғана қысқарта алды. Есеп – 3:1.
Ал келесі күнгі қарымта ойында жерлестеріміз жанкүйерлерін қуанта алмады. Бұл матч жеңілістен кейін айдынға жігерін жанып шыққан астаналықтардың пайдасына шешілді. Дәлірек айтқанда, ойын басында жерлесіміз Михаил Шерстюков есеп ашса да, бұдан кейін айдын иелері қарсылас қақпасынан саңылау таппады. Өз кезегінде елордалықтар Дмитрий Хозяшев күзеткен қақпаға үш шайба салды. Нәтижесінде жерлестеріміз «Snejnie Barsy» командасынан 1:3 есебімен ұтылды. Бұл – жергілікті хоккей клубының соңғы жеті кездесудегі бесінші жеңілісі. Осылайша, олар турнир кестесінде жетінші орынға сырғыды.
13-14 қараша күндері жерлестеріміз «Almaty» командасымен тартысқа түседі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp