Биылдан бастап коммерциялық ұйымдар Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының базасында тіркелетін болды. Бұдан былай барлық рұқсат құжатын алу үшін әділет департаментіне қарасты мекемелерге барудың қажеті жоқ.
Заңдағы бұл өзгеріс шілденің бірінен бастап күшіне енген болатын. Алайда, коммерциямен айналысатындардың біразы білместіктен құжаттарын ресімдеу үшін әділет департаментіне барып жүр. Олар облыс орталығындағы Интернационал көшесі, 70 және Кошуков көшесінің бойындағы 10-шы ғимаратта тіркеліп, есепке алынады. Басқа халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл іспен айналыспайды.
“Әділет департаменті тек коммерциялық емес ұйымдарды есепке алу және бақылаумен айналысады. Пәтер иелері кооперативі, тұтынушылар коооперативі, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар коммерциялық емес ұйымдарға жатады. Біз жылжымайтын мүлікті есепке алу, әкімшілік құқық бұзушылықтар және зияткерлік меншік құқығын қорғау жұмыстарымен айналысамыз. Тоқ етерін айтқанда, Әділет министрлігі құзырындағы тапсырмаларды орындаймыз», – деп түсіндірді Петропавл қалалық әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат Тоққожин.