«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.09.2019

ҚЫРДАҒЫ ҚЫЗУ ЕҢБЕК

  Жаймашуақ жаз артта қалып, сарыала күз де келіп жетті. Кез келген уақытта ауа райы бұзылып, жауын-шашынға ұласуы әбден мүмкін. Әсіресе, егінге орақ салған тұста жауған жауынның кесірін өңір диқандары сезініп отыр.   

ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

  Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшылығы өңіріміздегі жастар ұйымдарымен кездесу өткізді. Оның барысында мемлекеттік мекеме және бірлестіктер жастар қозғалысын құру жөніндегі меморандумға қол қойды.   

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖАҚСЫ ӨТТІ

Қазіргі уақытта жергілікті билік пен төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің табиғи апаттарға қарсы күресте бірлесе тиімді әрекет жасауына баса назар аударылып отыр. Осы орайда орман өрттерінің алдын алу мақсатында Жамбыл ауданында өрт-тактикалық жаттығулар өтті.

ТАРТЫСТЫ ПІКІРСАЙЫС

Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада дебат турнирі өтті.

ҚАРЖЫ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Біздің өңір тұрғындарына елу екі мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Бұл ұйымдарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы қаржыландырады.

100 МЫҢ ТЕҢГЕ ҮШІН ІСТІ БОЛДЫ

Шал ақын аудандық ветеринария бөлімінің басшысына пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазиннің Петропавл қаласы әкімі аппаратының активімен өткізген кездесуінде айтылды.

ЖАСӨСПІРІМ ҚАЗА ТАПТЫ

1 қыркүйек күні кешкі сағат 20.00-де Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы – Новоишимка ауылында екі жасөспірім скутермен келе жатып, жол-көлік оқиғасына тап болды.

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ АЗИЯЛЫҚ БАЛАМАСЫ БЕКІТІЛЕДІ

Келешекте әдебиет бойынша Нобель сыйлығының құрлықтық баламасы – Үлкен Азия сыйлығы тағайындалуы мүмкін. Мұндай жаңалықты елордада өткелі жатқан Азия елдері қаламгерлерінің І форумы алдында Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет жария етті.

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Биылдан бастап коммерциялық ұйымдар Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының базасында тіркелетін болды. Бұдан былай барлық рұқсат құжатын алу үшін әділет департаментіне қарасты мекемелерге барудың қажеті жоқ. 

МЕЙРАМБЕК БЕСБАЕВ – АЛМАТЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ

«МузАРТ» тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімі «Instagram»-дағы парақшасында жариялады.