«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Конор байлар тізімінде

Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор “Forbes” журналы жа­риялаған 2020 жылдың ең бай жүз адамның қатарына енді.

Спортшы өзінің 48 миллион доллар табысымен тізімде 53-орынға жайғасқан. Конор Макгрегор соңғы жекпе-жегін Дональд Серронеге қарсы 2020 жылдың қаңтар айында өткізіп, 5 миллион долларға жуық табыс тапқан. Сондай-ақ, оның табысының едәуір бөлігі “Reebok” компаниясымен жасаған демеушілік келісімшарттан түседі. Яғни, ол осы келісімшарт үшін жыл сайын 5 миллион доллар алады. Сонымен қатар оның кірісін 2018 жылдан бастап өзі шығаратын виски брендінен түсетін табыс толықтырады.

Айта кетейік, Конор Макгрегор “UFC”-дің жеңіл салмақтағы чемпионы болған. Ол спорттық мансабында 26 кездесу өткізіп, 22 рет жеңіске жеткен және 4 рет жеңіліс тапқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp