«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КУРСАНТТАР ШЫҚТЫ АЙТЫСҚА

Петропавлдағы Ұлттық ұланның Әскери институтында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған айтыстың екінші кезеңі өтті.

Аталмыш оқу орнының ақындық өнері бар 10 әскери қызметшісі, яғни 5 жұп ата тарихымыз, еліміздің бүгінге дейінгі даму жолын, қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерді жырларына арқау етті.

Қазылар алқасының шешімімен 4-курс курсанты Досжан Тоқтаров жеңімпаз атанды. Екінші орынға 3-курс курсанты Ербол Ізім лайық деп танылса, 2-курс курсанты Мейіржан Исақов үшінші болды. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ал жас ақындар А.Мұхамедин, А.Айтжанов, М.Затыбек, Н.Ахмет, Ж.Қабдешұлы, С.Ертаев және А.Маршал айтысқа шығармашылық ынта танытып, белсенді қатысқандары үшін арнайы грамоталармен марапатталды.

Руслан ҚАЙЫРКЕНОВ,

Әскери институттың

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp