«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІТАП ОҚУҒА ҮГІТТЕДІ

 

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада дәстүрлі “BookDating” шарасы өтті. Оның барысында түрлі салада еңбек ететін азаматтар жастарға кітап оқудың пайдасын айтып, сүйікті қаламгерлері туралы әңгімеледі. 

Облыстық қызмет істері жөніндегі департаменттің қызметкері Амангелді Сатановтың пікірінше, бүгінде психология және бизнес саласына қатысты әдебиеттер сұранысқа ие. Оның өзі де осы тақырыптағы кітаптарға жиі үңіліп, білімін толықтырып отырады. Ал кітапхананың тұрақты оқырманы Татьяна Вербицкая бала күнінен кітап оқуға құмар екен. Өңіріміздің беткеұстар кәсіпкерлерінің біріне айналған нәзік жан жастарға Александр Маринин мен Борис Акуниннің шығармашылығымен танысуға кеңес берді. 

Жиын барысында авторлық құқық тақырыбында жақсы кеңестер берілді.

 

Сурет https://zheruiyq.kz сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp