Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарының кезекті партиясын өртеді. Қазан айының соңында «Қарасора» операциясы аясында жедел уәкілдер «Toyota Mark II» автокөлігін тоқтатқан. Тінту кезінде көліктің жүксалғышынан үш қап марихуана табылған. Көліктегі жолаушы есірткі қылмысына қатыстылығын мойындап, оған қатысты қылмыстық іс тергелді. Тәркіленген 59 кг.-нан астам марихуана прокуратура мен медицина қызметкерлерінің көзінше қаладағы қазандықтардың бірінде жойылды.
Жыл басынан бері облыс полицейлері заңсыз айналымнан 400 кг.-нан астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның ішінде 350 кг. марихуана, 1,6 кг. –синтетикалық есірткі және 372 грамм героин бар.