«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРДІҢ ҮЙІНЕН 6,5 млн. ТЕҢГЕ ҰРЛАНДЫ

31 наурыз күні петропавлдық кәсіпкердің үйіне түскен ұрыларды ұстауға көп уақыт кеткен жоқ. Полицияға жүгінген 1958 жылы туған петропавлдықтың айтуынша, қылмыскерлер үйді кілтпен ашып, сейфті бұзып, тауар сатып алуға жиналған 6,5 миллион теңгені үптеп кеткен.

Қаскөйлер ешқандай із қалдырмағанына қарамастан, полиция қызметкерлері айғақтарды мұқият зерттеп, екі күдіктіні анықтады. Олардың бірі – бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы петропавлдық, екіншісі 1978 жылы туған Қызылжар ауданының тұрғыны болып шықты. Ол да адам тонағаны үшін бұрын сотталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ұрланған қаржының бір бөлігі қайтарылды.
«Пәтер ұрлығының алдын алу үшін күзет агенттіктерімен келісім жасап, дабыл орнатып, подъездерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау керек. Сонымен қатар пәтерлердің құлыптарын мұқият таңдау керек», – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.
Жыл басынан бері өңірімізде 240 пәтер ұрлығы тіркеліп, осы күнге дейін 204-і ашылды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp