Үстіміздегі жылдың он айында Қазақстанда жалпы сомасы 56,7 миллиард теңге болатын 9129 көлік шығарылды. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 20,1 пайызға төмен көрсеткіш. Қазан айында отандық автозауыттар 5,1 миллиард теңге тұратын 797 көлік шығарған. Бұл да былтырғы жылғы көрсеткіштен 17,9 пайызға кем.
«ҚазАвтоПром» мәліметі бойынша, 2016 жылдың қазан айында автонесиелеудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша екінші транш толығымен игерілді. Қазақстандық автокөліктерді алуды несиелендіру мақсатында бөлінген бағдарламаның қаржылық ресурстары 118 пайызға орындалды.