«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨМЕК КЕШІККЕН ЖОҚ

Челябі-Новосібір тасжолында жол-көлік оқиғасы болды.

Бұл оқиғаны өз көзімен көргендердің айтуынша, “Ауди-80” көлігінің жүргізушісі алда кетіп бара жатқан көлікті басып озу ниетімен қарсы жолаққа шығып, қарама-қарсы зулап келе жатқан “ВАЗ-2107” көлігін байқамай қалған. Жол көктайғақ болғандықтан, жүргізушілер көлікті басқара алмай, бір-біріне соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам жарақаттанған.

Оқиға орнына Булаево қалалық №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жедел жетті. Өрт сөндіру бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Жанат Сейпілов хабарлағандай, олар адамдарға шұғыл көмек көрсетті. “ВАЗ-2107” автокөлігінде болған жүргізуші темір қыспағында болса, артқы орында отырған жолаушы жарақаттануына байланысты көліктен шыға алмаған.  

– Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жарақат алғандарды көліктен шығара салысымен жедел медициналық көмек көрсетіп, дереу ауруханаға жеткізді. Жол бойында келе жатқан автокөлік жүргізушілері көмек қолын созды, олар бөгде жандардың қайғысына немқұрайдылық танытқан жоқ. Құтқару шарасы бір сағаттай уақытқа созылды. Біз осымен қыс басталғалы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге екінші рет көмек көрсетіп отырмыз, – дейді майор.

Жыл басынан бері облыстың өртсөндірушілері 259 апаттық-құтқару жұмыстарына қатысты.

Нұрлан БАЯХМЕТОВ,

төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің аға инженері, өртке қарсы қызмет капитаны.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp