«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР – БАСТЫ НАЗАРДА

Өткен демалыс күндері облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің және «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі мен еріктілер дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Өрт қауіпсіздігі күндері» іс-шарасына қатысты.

Шараға қатысушылар алдымен сапқа тұрғызылып, тиісті нұсқаулықтарды алған соң, департамент қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі мен еріктілер топтары елді мекендердің жеке меншік тұрғын үйлер секторын аралады. Олар әрбір тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, пеш салу және пайдалану, электр сымдарын жалғау, күлді кәдеге жарату кезінде қауіпсіздікті сақтау туралы жадынамалар таратты. Әсіресе, тұрғындардың арасындағы әлеуметтік жағынан осал топтарына көп көңіл бөлінді. Облыс орталығында Ойқала және Жұмысшы кентінде қалалық басқарма мамандары 4 және одан да көпбала тәрбиелеп отырған 19 отбасының үйіне бас сұқты. Азаматтық қорғау қызметкерлері тұрғындардың улануының алдын алу мақсатында бірқатар үйлерде көмірқышқыл газына қатты әсер ететін газталдағыштар орнатып берді.
Дәл осындай жұмыс аудандарда да жүргізілді. Айыртау ауданындағы Арықбалық ауылына барған облыстық ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев көпбалалы отбасылар мен жалғыз тұратын азаматтардың үйлерін аралап, пештерді, электр және газ аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үйлерде тұншықтырғыш газ датчиктерін орнатты. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp