«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЙОР ШЕНІН мерзімінен бұрын алды

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісі өткен болатын. Жиында биылғы тоғыз айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстың қорытындылары, полиция қызметінің өзекті мәселелері жəне Президент тапсырмаларын орындау барысы қаралды.

Алқа отырысына еліміздің әр өңірінен үздік учаскелік инспекторлар шақырылды. Солтүстікқазақстандық Руслан Бекболатов министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мерзімінен бұрын атақ алған жалғыз учаскелік полиция инспекторы болды. Руслан Бекболатов майор погонын Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың қолынан алды.
– Осы сәтте ерекше толқығанымды жасырмаймын. Министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде біздің қызметімізге қатысты біраз мәселелер айтылды. Қылмыстардың алдын алуға бар күшімізді жұмсауға мүмкіндік беріліп, жұмысымызға қатысы жоқ функцияларды алып тастайды деген үміттеміз, – дейді ол.
Руслан Бекболатов Тайынша ауданындағы Абай ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторы болып қызмет істейді. Округке қарасты елді мекендерде 1400-ге жуық адам тұрады. Жыл басынан бері мұнда төрт ұрлық жасалған. Русланның қатысуымен оның барлығы ізі суымай ашылыпты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp