«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА ҚАТЕЛЕСПЕ

Бүгінде елімізде техникалық мамандықтарға сұраныс артқанымен, оған оқушылардың қызығушылығы әлі де болса көңіл көншітпейді. Бұл біздің өңірімізде де өзекті мәселелердің бірі саналады. Жуырда И. Шухов атындағы кітапханада өткен “Мамандық таңдау маңызды” атты семинарда осы мәселе талқыланды. Жиынға өңіріміздегі бірқатар мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Оқушылардың біраз бөлігі техникалық бағыттағы мамандықтарға қызығушылық танытуда. Мәселен, Петропавлдағы №1 лицейдің 11-сынып оқушысы Анастасия Новикова болашақта ақпараттық технология саласының білгір маманы болуды армандайды.  

– Әдебиет пен тарих пәндеріне келгенде алдарына жан салмайтын оқушылардың көбі химия, физика, математика сабақтарында тосылып қалатыны жасырын емес. Құрдастарының басым бөлігі маркетолог, астрофизик, астроном, web-дизайнер сынды мамандықтар жөнінде білмейді. Ол үшін ұстаздар тарапынан біраз ақпараттар берілгені жөн деп ойлаймын, – дейді ол.

Семинар барысында болашағын педагогикалық мамандықтармен байланыстыруды жөн көретін оқушылардың қатары қалың болды.

– Мектеп түлектерінің көбі таңдаған мамандықтарының астарына үңіле бермейді. Осы олқылықтың алдын алу үшін оқушылардың қатысуымен алдағы уақытта әртүрлі іс-шараларды қолға алмақпыз, – деді облыстық жастар бастамалары орталығының директоры Тимур Жұманов.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp