«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.02.2016

САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛДЫ

Сәрсенбі күні Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласындағы Мәдениет үйінде көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, публицист, аудармашы, Республика Президентінің “Бейбітшілік және рухани келісім” сыйлығының иегері Герольд Бельгердің өмірден озғанына бір жыл толуына орай “Жазушы Герольд Бельгер – замана тұлғасы” атты республикалық конференция болып өтті. Ол жазушының балдәурен балалық шағы өткен Ыбыраев ауылынан бастау алды.

АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ АЛҒЫСЫНА ИЕ

Мағжан Жұмабаев ауданының Успенка ауылында тұратын Дмитрий Кнауб “Сыбағадан” сый алып, ірі қараның басын көбейтіп және оларды асылдандыруды қолға алған. Ол мал шаруашылығымен айналысуды 2014 жылдан бастаған екен. Алдымен өз қаражатына 30 бас ірі қара сатып алады. Осылайша өзінің мүмкіндігін бағамдап көрген азамат қолынан келетін іс екенін түсінгеннен кейін өткен жылы “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 4,7 …

АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ АЛҒЫСЫНА ИЕ Read More »

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТ ТІК

Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері ынтымағы мен бірлігі жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Еліміздегі осындай сындарлы саясатты жүзеге асыруда Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Оның ең басты міндеті – мемлекеттегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты сақтау болып табылады.

БЕЙНЕТІ АЩЫ, БАЛЫ ТӘТТІ

Омарташы дегенде көзімізге басына қалпақ киіп, бетін тормен жапқан адамның бейнесі елестейді. Омартасының ортасында әр қадамын баппен басып, бал араларының тіршілігін жай адамның құтын қашыратын ызыңынан ажырататын аталмыш кәсіп иесінің бірі – Ринат Сагаутдинов.

ЖАРИЯ ЕТУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 13 қарашасында “Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойып, оны жүзеге асыру жолында оңтайлы тәсілдер қолданылуда.

“АСЫЛ МҰРА” БАҒЫНДЫРҒАН БИІК

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанындағы “Асыл мұра” ғылыми-зерттеу орталығының құрылғанына он бес жыл толды. Осыған орай С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысты.

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА ҚАТЕЛЕСПЕ

Бүгінде елімізде техникалық мамандықтарға сұраныс артқанымен, оған оқушылардың қызығушылығы әлі де болса көңіл көншітпейді. Бұл біздің өңірімізде де өзекті мәселелердің бірі саналады. Жуырда И. Шухов атындағы кітапханада өткен “Мамандық таңдау маңызды” атты семинарда осы мәселе талқыланды. Жиынға өңіріміздегі бірқатар мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

ОБЫРҒА АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК

Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні шеңберінде “Біздің қолымыздан келеді! Менің де қолымнан келеді!” ұранымен онкологиялық аурулардың алдын алуға және оның белгілерін ерте анықтауға арналған онкүндік өтуде. Облыс тұрғындары шара аясында тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларда бейінді мамандардың кеңесін тегін ала алады. Сонымен қатар, онкологиялық диспансерде “Ашық есік күні” ұйымдастырылып, онкоқырағылықты арттыру және онкологиялық аурулардың алдын …

ОБЫРҒА АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК Read More »

ЕЛМЕН БІРГЕ ЕСЕЮДЕ

Еліміз Тәуелсіздігін алып, Кеңес үкіметі тараған алғашқы жылдары мемлекет меншігінде болған мекемелердің барлығы дерлік жабылып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткені күні кешегідей есімізде. Әр мемлекет жеке ел болып бөлініп шығып, өз бетінше күн көре бастаған шақта басқаларын былай қойғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінің басына да қара бұлт үйірілген. Олардың бірінен соң бірінің …

ЕЛМЕН БІРГЕ ЕСЕЮДЕ Read More »

БІРЛІГІМІЗДІ ТАНЫТАТЫН СӘТ

Мен бес баланың анасымын. Ұстаздық жолды таңдаған соң балашағаны жеткізіп, оқытып, қатарға қосу үшін қолдан келгенше еңбек етіп жүрген қарапайым қазақ әйелдерінің бірімін. “Еңбек еткен адамға бақыт келіп басын иеді” деген сөз тегін айтылмаған. Қырандай алға ұмтылып, жұмысқа белсенді болғанда ғана көздеген мақсатқа қол жеткізуге болады. Жаңа жыл басынан бері елімізде біраз жақсы өзгерістер орын …

БІРЛІГІМІЗДІ ТАНЫТАТЫН СӘТ Read More »

АУҚЫМДЫ ІСТЕРГЕ ЖҰМЫЛА КІРІСПЕК

Айыртау ауданының әкімі Ағзам Тастеміров Константиновка және Гусаковка ауылдық округтері тұрғындарының алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Кездесуге Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Марат Шынтеміров қатысты.

АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ…

Абай өлеңдерін оқу, білу, оның асыл мұраларын жеткіншек бойына жас кезінен дарыту – әр қазақтың міндеті десем, артық айтпаған болармын. Осы орайда Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары арасында “Абай оқуы” сайысын өткізу дәстүрге айналған.

РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

“Тамшыдан – теңіз” дегендей, жыл сайын өткізілетін “Қайырымдылық” акциясына Петропавл қаласындағы №13 орта мектептің ұжымы да белсене қатысты. Халқымызда жетім-жесірлерге, өмір тауқыметін көріп жүрген тұрмысы төмен жандарға жұмыла көмек көрсету – ежелден қалыптасқан дәстүр. Мектебімізде күнделікті қасымызда жүрген аз қамтылған отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балғындарға қол ұшын беруге ұжым болып …

РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ Read More »

“ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ”

Петропавлдағы Орталық алаңда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған “Таңғы жаттығу” деген атаумен жастардың би флешмобы болып өтті. Оны ұйымдастырушы Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы “Қоғамдық келісім” мекемесінің жетекшісі Әсемгүл Есқожа осындай шаралардың өңір өрендерін саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуде, олардың бойларына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді қалыптастыруда пайдасы зор екенін айтты. (Өз тілшіміз).

ЖАРАЙСЫҢ, ЕРКІН!

Алматы қаласында “Бейбітшілік әлемі” халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі мамандарының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік – тірегім, тәбәрігім!” атты республикалық ұстаздар байқауы өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен жас мұғалімдер қатысқан сайыста өңіріміздің намысын Тимирязев ауданындағы жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының музыка пәнінің мұғалімі Еркін Ахметұлы қорғады. Ұстаздардың шығармашылық әлеуетін сарапқа салған дода Қазақстан Тәуелсіздігінің – 25, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі …

ЖАРАЙСЫҢ, ЕРКІН! Read More »

ЕЛ ТАҒДЫРЫ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

Азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ бастық. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Қазіргі қалыптасқан жағдай соның айғағындай. Елбасы …

ЕЛ ТАҒДЫРЫ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА Read More »

СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті брифинг “Спорт – денсаулық негізі” тақырыбы аясында өрбіді. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Руслан Есеналин өңір бойынша 2015 жылы атқарылған шараларды тілге тиек етіп, биылғы жылы жүзеге асатын жоспарлы істерге тоқталып өтті. Сала жетекшісінің айтуы бойынша, бүгінгі таңда облыс бойынша дене шынықтыру …

СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ Read More »

ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЕҢБЕК

Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасы өз оқырмандарына «Нұрсұлтан Назарбаев» деп аталатын кітабын ұсынды. «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен шыққан тың туындының авторлары – көрнекті мемлекет қайраткері, саяси ғылымдар док­торы Тайыр Мансұров пен белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, «Простор» әдеби жур­налының бас редакторы Валерий Михайлов.

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Жаслан Өндірісұлы Смағұлов облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры болып тағайындалды. Жаслан Смағұлов 1983 жылы 27 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Петровка ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тамамдаған ол 2006 жылдан бері прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Жаслан Өндірісұлы 2011 жылы Петропавл қалалық прокуратурасының …

Тағайындау Read More »

ҚАЙТА КУӘЛІК АЛУДЫҢ ҚИЫНДЫҒЫ ЖОҚ

Туу туралы куәлігімді жоғалтып алдым. Оны қайта жасатуға бола ма, ол үшін қандай құзырлы органға жүгіну қажет? Алмагүл КӘРІМОВА. Шал ақын ауданы. Оқырман сауалына облыстық әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы Қымбат Қошанова жауап береді.