«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҚСАТ АЙҚЫН, МҮДДЕ БІР

Демократиялық күштердің облыстық коалициясының мүшелері Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелеріне қатысты пікір алмасу мақсатында “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының ғимаратында бас қосты.

Кездесуді ашқан “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов отандық бизнес өрісін кеңейтіп, елдің әлеуетін, тұрмыстық жағдайын жақсарту тұрғысында Елбасының ұсынған идеясын Ресей мен Беларусь Президенттері құп алғанын айтты. Оның ойынша, маңызды құжат ежелден бауырлас мемлекеттердегі тату қарым-қатынасты одан әрі тереңдете түспек.

Жиында сөз алған Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Мүкарам Тайжанова “Еуразиялық интергация және СҚМУ-дегі ғылыми зерттеулердің дамуы” тақырыбында баяндама жасады. Бүгінде таяу және алыс шетел мемлекеттерінің 67 ғылыми мекемесімен және ұйымдарымен іскерлік қарым-қатынас орнатқан университетте ғылыми-техникалық жұмыс, емдеу препараттарын жасау, жерді қашықтықтан барлау, сутектік отын элементтерінің диагностикасы сияқты бірқатар жобалар аясында зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  

Кездесуде одақ аясында үш елдің экономикасы дамудың жаңа белесіне көтерілетіндігі, еліміздегі бизнес саласы тың серпінмен жұмыс істейтіндігі, бұл ретте кәсіпкерлік саласына жүктелер міндеттің артатындығы жайында айтылды.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp