«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі

Санаулы күндерден кейін елімізде Тәуелсіздіктің көк байрағының желбірегеніне ширек ғасыр толады. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көпұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының нәтижесі. Елбасымыздың басшылығымен Бес институттық реформаны орындау мақсатындағы “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын, “Мәңгілік Ел” жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыра бастадық. Алдыңғы қатарлы озық отыз елдің бірі болуға, қазақстандық арманымызға қол жеткізуге нақты әрі сенімді қадамдар жасайтын кезеңге жеттік. Қазақстандықтарды әлі де көптеген жаңа табыстар мен жетістіктер күтуде.

“Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты жұлдызды 25 күн акциясы аясында мектебімізде жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін іс-шаралар жоспары құрылды. Мектепте “Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі!” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ол оқушылардың бойында қазақстандық патриоттық рухты оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеуді көздеді. Сабақта мемлекеттік тілде өлеңдер айтылып, оқушылар Қазақстан, мемлекеттік тіл, рәміздер жайлы қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Сабақ соңында берілген сөздерден балалар мақал-мәтелдер құрастырды.

Сондай-ақ, мектепте “Қазақ тілін білесің бе?” викторинасы, “Қазақша сөйлейміз” сабақтан тыс іс-шарасы өткізіліп, салт-дәстүрге байланысты бейнефильмдер көрсетілді.

Тоқсан би ауылындағы орта мектепте “Халықтың тілі – жанының айнасы” атты аудандық викторина өткізіліп, оқушылар қазақ тілі, елтану, туған жер тақырыптары бойынша сайысты.

Алмагүл ДҮЙСЕМБЕКОВА,

Нежинка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp