«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мемлекеттік қызметшілердің үстінен 3 мыңдай шағым түскен

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты үш мыңнан астам шағым түскен. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ресми сауалға берген жауабында хабарлады.

Агенттік шағымдардың көп бөлігі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы туралы екенін нақтылады.
Сонымен қатар, өтініштерді қарау тәртібі және бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу ережелерін бұзу туралы шағымдар бар.
Бұл тізімге кәсіби этика нормаларын бұзу да енгізілген. Дөрекі әрекеттері үшін лауазымды адамдар тәртіптік жазаға тартылады.
“Жоғарыда аталған комиссия отырысының нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты сөгіс, қатаң сөгіс, толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту, қызметінен босату туралы жаза тағайындауға болады”, деп хабарлады ведомство.
Өткен жылы қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 6 931 шағым түскен.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp