«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мемлекет басшысы Семейге жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Сапар барысында Президент “Ұлы ақын Абай ұлдарымен” ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың “Жиделі-Бөрлі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді.
Сонымен қатар “Қарағайлы” ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.
Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, “Абай әлемі” сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, “Абай-Шәкәрім” мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp