«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЕКЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Есіл аудандық ардагерлер ұйымының алдында тұрған Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне дайындық аясында атқарылар іс-шаралар белгіленді. Алдымен аудан мектептерінде оқушыларды соғыс тарихымен, соның ішінде жергілікті майдангерлердің ерлік істерімен кеңірек таныстыру жөніндегі жұмыс қолға алынды. Ол үшін аудандық ардагерлер кеңесінің бірінші төрағасы И. Ошмариннің “Қымбатты менің жерлестерім” атты естелік кітабы пайдаланылуда.

Бүгінде ауданда 16 соғыс ардагері және 1000-нан астам тыл еңбеккері тұрады. Олардың әрқайсысын ерекше қамқорлыққа алу міндеті қойылып отыр. Ауданда қаза тапқандарды және майданнан аман оралып, елде көз жұмғандарды мәңгілік есте қалдыру жөніндегі комиссия құрылып, қазір қызу жұмыс жүргізуде. Ардагерлер мен жастар ұйымдары Ленин аудандық әскери комиссариатынан шақырылған соғысқа қатысушылардың тізіміне нақтылау жүргізді, олар – 2000-ға жуық адам. Жеңіс мерекесіне дейін олардың аты-жөндері мемориалдық тақталарға жазылып, ауданда бұрыннан бар 51 ескерткіштегі майдангерлер есімдері толықтырылатын болады.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp