«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойына тұспа-тұс келген бұл оқиға ерекше маңызға және мәнге ие .

Бүгіндері біз жаңа жетістіктер мен жаңару алдында тұрмыз, ұзақмерзімді “Қазақстан – 2050” Стратегиясын, “Нұрлы Жол” бағдарламасын, “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз.

Бүкіл елімізбен бірге біздің Солтүстік Қазақстан облысы да серпінді дамып келеді. Өңіріміздің ел аумағының 4 пайызын ғана алып жатқандығына қарамастан, біз республикада өсірілетін жоғары сапалы бидайдың үштен біріне дейінін өндіреміз. Диқандарымыздың маңдай тері мен еселі еңбегінің арқасында біз жыл сайын Мемлекет басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “еліміздің басты астықты өлкесі” деген жоғары бағасына лайық екенімізді дәлелдеудеміз.

Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның “солтүстік қақпасы” теңеуіне ие, нақ осы жерде бұрындары Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің керуен жолдары түйіскен. Нақ осы жерде, Петропавл қаласында бағзы заманда айырбастау және тасымалдау саудасының ірі орны қалыптасқан.

Бүгіндері де республиканың ең солтүстік нүктесінде, ірі халықаралық автомобиль, темір жол және әуе магистральдарының тоғысқан жерінде орналасқан облысымыз Ресей Федерациясының үш өңірімен шектеседі.

Айтарлықтай көліктік-логистикалық ресурстарға ие болғандықтан біз Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған ауқымды ықпалдастыру жобаларын жүйелі түрде жүзеге асырудамыз.

Біз өнеркәсіпті, бизнес пен индустрияны дамытып келеміз. Өзіміздің комбайндарымыз бен тракторларымызды, астық таситын вагондарымыз бен мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін қондырғыларымызды шығарудамыз. Тамақ өнеркәсібін серпінді дамыта отырып, өзімізді ұнмен және макарон өнімдерімен, етпен, сүтпен толық қамтамасыз етудеміз, оларды басқа өңірлерге және экспортқа жөнелтудеміз.

Біздің облыс сан алуан жер бедерімен және табиғи байлығымен бірегей. Облысымызды “аққайыңдар мен көгілдір көлдер өлкесі” деп тегіннен-тегін атамайды.

Біз көптеген халықтардың тағдырымен қалыптасқан тамаша тарихқа да баймыз. Ортақ шаңырақ астында жүзден астам этнос өкілдері біртұтас және топтасқан халық ретінде еркін және тату-тәтті өмір сүруде.

Сөз жоқ, тағдырларымен тағылымды, іс-әрекеттері және жеке табыстары толымды біздің адамдарымыз облыстың басты байлығы болып табылады.

Әр күн сайын біз өз отбасымыз бен қоғамымыздың игілігі үшін аянбай еңбек ете отырып, өмірімізді жақсартуға ұмтылудамыз. Біздің Қызылжар өңірі өзінің лайықты ұлдарын, нағыз патриоттарын, Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңінен өтуге өздерінің құрыш қолымен және ыстық жүрегімен көмектескен, бүгіндері де туған облысының гүлденуі жолында жанқиярлықпен еңбек етіп жатқан адамдарды мақтан тұтады.

Біз Қожаберген жырау, Мағжан Жұмабаев, Иван Шухов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Үкілі Ыбырай, Евней Букетов, Владимир Шаталов және Александр Викторенко сынды ұлы адамдардың жерлестері екенімізді мақтаныш етеміз.

Қымбатты жерлестер!

Облысымыз осындай жетістіктерге барлық солтүстікқазақстандықтардың ерен еңбекқорлығының, туған өлке үшін жауапкершілігі мен сүйіспеншілігінің арқасында қол жеткізіп отыр.

Сіздерді тағы да облыстың 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға мықты денсаулық, тыныштық, ізгілік, игілік пен бақыт тілеймін!

Қазақстан халқының бірлігі нығайып, Тәуелсіздігіміздің туы асқақ желбіресін, біздің республикамыз бен туған Солтүстік Қазақстан облысы гүлдене берсін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp