«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Министр кинотеатрлардың қашан ашылатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі кинотеатрлардың қашан қайта жұмыс істейтіні туралы айтты.

“Қазір біз кинотеатрлардың жұмыс істеуі үшін күш салып жатырмыз. Жағдайдың артық-кем тұсын бағалап, зерттеп жатырмыз. Театрларға балама бола алатындай демалу туралы нақты ұсыныстар бар. Қазір осы мәселе қарастырылуда”, деді Цой ОКҚ-нің онлайн брифингінде.
Бұған дейін Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимін қайта енгізу туралы сұраққа жауап берген болатын. Оның айтуынша, барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер қажет болса, төтенше жағдай режімі қайта енгізіледі.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі Украина, БАӘ, Германия және Беларуссиямен рейстер санын қысқартуды да ұсынды.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp