Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында салтанатты жиналыс өтті.
Шараны ашқан мекеме бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Николай Белоусов жергілікті құтқарушылардың өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі орасан екенін атап өтті. Бұдан соң ол қызмет барысында батылдығымен көзге түсе білген бір топ қызметкерді “Мінсіз қызметі үшін” медалімен марапаттады. Шарада екі жас қызметкерге кезекті шен берілді. Николай Белоусов жас офицерлерге қызметтік борышын адал атқарып, абыройлы болуға тілектестік тілдірді.
– Азаматтық қорғау органдарының әрбір қызметкері үшін шен алу – маңызды оқиға ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Жұртшылық пен басшылықтың сенімін ақтау үшін өрт сөндірушілеріміз алдағы уақытта да ширақ жұмыс істейді деген сенімдемін. Басты байлығымыз – халқымыздың амандығы мен тыныштығын сақтау жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын, – деді ол.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.