«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұқтаждарға — жәрдемақы

Облыс орталығында тұра­тын көмекке мұқтаж 4875 от­басына 50 мың теңгеден жәр­демақы берілді.

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мә­ліметінше, қаржы “Birgemiz” қоры­нан аударылған. Жәрдемақы тұр­мысы нашар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға беріл­ді. Көмекке ие болғандардың тізімін жергілікті билік органдары әзірле­ген. Бұл жолғы жәрдемақы бұрын ақшалай қолдауға ие бол­маған отбасыларға беріліп отыр.

Жәрдемақыны алғандардың қа­та­рында Борис Кузнецов та бар. “Жа­­қында ғана ауруханадан шық­қан едім. Бұл ақша қазіргі уақытта маған үлкен көмек болды”, – дейді қуанышын жасырмаған қала тұр­ғыны.

“Birgemiz” қорынан бірреттік жәр­­демақы 7 санат бойынша бе­ріледі, олар: аз қамтылған көпба­лалы от­басылар, мүмкіндігі шек­теу­лі аза­маттар, төмен зейнетақы алатын зей­неткерлер, ата-анасыз қалған балалар, соғыс ардагер­лері, тыл ең­беккерлері және асы­рауында мүмкіндігі шектеулі ба­ласы бар от­басылар. Жәрдемақы осымен бе­сін­ші рет беріліп отыр. Бұған дейін мұндай көмек өңірі­міз­де 18 мыңнан астам адамға көрсетілген.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp