«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘДЕНИ ШАРАЛАРДЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Мұражай – халықтың мәдени-тарихи мұрасын сақтайтын, тұрғындар арасында патриотизмді насихаттайтын, қоғамның өткенге деген құрметін қалыптастыратын мәдени орта. “Көнені көрмей, жаңа еске түспейді”, – демекші, ағартушы, этнограф Шоқан Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық музей мен Айғаным қонысы құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғалымның өмірі мен шығармашылығынан, ерлік істері мен саяхаттарынан ақпарат беретін мұраларды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етуде.

Шоқанның балалық шағы өткен Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында орналасқан мәдени нысанның ашылуына қазақ тілі пәнінің мұғалімі Күлпан Хайруллина ұйытқы болған еді. Алғашқыда Сырымбет орта мектебіндегі кішкене ғана бір бөлмеге жайғасқан мұражай 1985 жылы Шоқан Уәлихановтың 150 жылдық торқалы тойы қарсаңында өз алдына жеке шаңырақ болып, тарихи-этнографиялық бағытта жұмыс істей бастады. Ғимараттың ашылу салтанатына 11 елден қонақтар келді. Еліміздің асыл перзенттері Асанәлі Әшімов, Шота Уәлиханов, Қожахмет Балахметов қуанышымызға ортақтасты. Мекеменің алғашқы директоры Зәйкен Атығаева сол жылдары ағартушының өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер жинастыруда көп ізденіп, Р.Қасымбекова, К.Омарова, Ш.Қартайғанова, Ш.Дәуітбаев, Ф.Айбашпанова, Р.Смағұлова және тағы басқа азаматтардың көмегімен музей қорын жаңартты. Олар ауылдарды аралап, ескі бұйымдарды, тарихи заттарды жинау, Уәлихановтар тегіне тиесілі материалдарды іздестіру шараларына атсалысып, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейі директорының міндетін атқарушы Нұргүл Құлбаеваның мақаласының толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp