«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НИДЖАТ – БІРІНШІ, АЙДАР – ТОҒЫЗЫНШЫ

АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан әлем біріншілігі жалауын желбіретті. Бұл сайыс – 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестіретін маңызды додалардың бірі. Сондықтан жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен кілең мықтылар келгені анық. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталмыш біріншілікке 105 мемлекеттен 745 зілтемірші қатысуға ниет білдіріпті. Оның ішінде 16 ауыр атлет (9 ер, 7 әйел) – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері.

Біріншілікте 77 килограмм салмақта бақ сынаған 22 жастағы отандасымыз Ниджат Рахимов қоссайыс нәтижесінде 372 килограмды бағындырып, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ол серпе көтеруде кіші алтын медальға ие болды. Ал осы салмақтың “В” тобында сынға түскен солтүстікқазақстандық Айдар Қазов жұлқи көтеруде 152 килограмм, серпе көтеруде 194 килограмды еңсерді. Сөйтіп, қоссайыс нәтижесінде 346 килограмм нәтиже көрсеткен Айдар жалпы есепте 9-шы орыннан көрінді.  

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp