«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.11.2015

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Жерлес кекушинкай каратэшілер Ресейдің Барнауыл қаласында өткен “Еуразия кубогынан” жеңіспен оралды. Байрақты бәсекеге 600-ге жуық каратэші қатысқан.   Мықтылардың арасында солтүстікқазақстандық спортшылар 5 алтын, 3 күміс, 3 қола еншіледі. Сондай-ақ, жерлестеріміз жалпыкомандалық бірінші орынға қол жеткізді. Енді жерлестеріміз мамыр айында өтетін Қазақстан біріншілігінде бақ сынамақ. Онда үздік нәтиже көрсеткендер ел намысын әлем біріншілігінде қорғайтын болады. …

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ Read More »

“ЖЕҢІСТІҢ” ЖЕҢІСІ

Петропавл қаласында 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық біріншілік өтті. Сайыс барысында Петропавл қаласының “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің және балалар мен жасөспірімдердің спорттық күрес мектебінің, Ақжар, Аққайың, Қызылжар, Есіл, Жамбыл аудандарының 60-қа жуық балуаны 11 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.   Жалпыкомандалық есепте “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі …

“ЖЕҢІСТІҢ” ЖЕҢІСІ Read More »

НИДЖАТ – БІРІНШІ, АЙДАР – ТОҒЫЗЫНШЫ

АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан әлем біріншілігі жалауын желбіретті. Бұл сайыс – 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестіретін маңызды додалардың бірі. Сондықтан жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен кілең мықтылар келгені анық. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталмыш біріншілікке 105 мемлекеттен 745 зілтемірші қатысуға ниет білдіріпті. Оның ішінде 16 ауыр атлет (9 ер, 7 әйел) – …

НИДЖАТ – БІРІНШІ, АЙДАР – ТОҒЫЗЫНШЫ Read More »

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНДЕ ТОП ЖАРДЫҚ

Облыс орталығында солтүстікқазақстандық спорт ардагері Михаил Антипинді еске алуға арналған үстел теннисінен V ашық турнир өз мәресіне жетті. Бес жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан сайысқа осы жолы 60-тан астам спортшы – Петропавл, Астана, Көкшетау, Павлодар және Токио қаласының өкілдері қатысты. Сайыста облыс орталығының намысын “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қорғады.   Бәсекелі доданың …

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНДЕ ТОП ЖАРДЫҚ Read More »

“ЖАС ТІЛШІ” МЕДИА-МЕКТЕБІ

Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінің жанынан “Жас тілші” медиа-мектебі ашылды. Ұйым оқушылардың арасынан жас тілшілерді тәрбиелеп, болашақта журналистика мамандығын меңгергісі келетін балаларға медиа саласының әліпбиін қазірден бастап үйретуді көздейді. Бүгінде медиа-мектепте онға жуық жас тілші бар. Олар “БілімNEWS” атты мектепішілік газет шығарып, теле және радиобағдарламалар жасаумен айналысуда. Ұйымның жетекшілері – жас ақындар Жарқын Жұпархан …

“ЖАС ТІЛШІ” МЕДИА-МЕКТЕБІ Read More »

ОБЛЫС ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Осы аптаның басынан ауа райының күрт жылынуы солтүстікқазақстандықтарды абыржыта қойған жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент жауған қардың соңы көктайғаққа әкеліп соғатындығын Петропавл қаласының, аудандардың атқарушы органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына алдын ала хабарлады. Соған орай апаттық-құтқару қызметтерінің күштері мен құрылымдары, байланыс және құлақтандыру құралдары дайындыққа келтіріліп, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жұмысының тұрақтылығы жүзеге асырылды, …

ОБЛЫС ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ Read More »

“ӨЛЕҢГЕ ТОҚТАМАЙДЫ ШАЛ ДЕГЕНІҢ…”

Бұқар, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді сынды жыраулардың соңын іле-шала туған Шал Құлекеұлы (1748-1819) – ғибратнама, насихат маңызындағы төкпе жырлар үрдісіне соны түр мен мазмұн дарытқан жаңашыл ақын. Алайда, ол жаңа бағытқа жол салғанымен, XVIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың басында ұлттық поэзияда осы екі тоғысты жалғастырып тұрған көпір сынды. Сондықтан оның жырларын әдебиетшілеріміз зерделей зерттеп, лайықты бағасын …

“ӨЛЕҢГЕ ТОҚТАМАЙДЫ ШАЛ ДЕГЕНІҢ…” Read More »

ОТАНШЫЛДЫҚ – ОТБАСЫНАН

Николаевка ауылындағы Асқар Игібаев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Ол “Бастауыш сынып оқушыларының сабақта және сабақтан тыс уақытта танымдық белсенділіктерін жандандыру – білім сапасын арттырудың жолы” тақырыбына арналды.

“КЕММІН ДЕМЕ, ТЕҢМІН ДЕ”

Бүгін осылай ұрандатқан қоғам 2002 жылдары инклюзивтік білім беру жаңалығына үрке қараған. Тіпті, орта мектеп педагогтерінің 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған екен. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей: “Неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?” – деп наразылық білдірсе, қазір олардың да дені бұл райынан қайтыпты. Қоғамның көзқарасы …

“КЕММІН ДЕМЕ, ТЕҢМІН ДЕ” Read More »

МАМАНСЫЗ БАЛА ОҚЫТУ МҮМКІН БЕ?

Жантайып жатқан жалпақ санды орнынан қозғасақ, жасырын жатқан мәселелер бой көтереді. Өңіріміздегі 336 жалпы білім беретін мектепте инклюзивтік біліммен ақыл-есі кем және дамымаған, сөйлеу, көру, есту қабілеті бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда. Алайда, бірде-бір мектепте педагог-дефектолог және педагог-логопед жоқ. Бақ-сақ, “Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар …

МАМАНСЫЗ БАЛА ОҚЫТУ МҮМКІН БЕ? Read More »

САПАЛЫ БІЛІМ – ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ

Бүгінде өңіріміздегі жалпы білім беретін мектептердің материалдық базасы инклюзивтік білім беруге сәйкес келмейді. Техникалық және бейімдеу құралдары, арнайы жиһаздар жоқ. Мәселен, өткен оқу жылында №44 орта мектептің жанынан көру қабілеті нашар балаларға арналған арнайы сынып ашылыпты. Оны қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықтауға 11 миллион теңге қаржы жұмсалған.  

ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ МЕКТЕБІНЕ ҚАЗАҚ БӨЛІМІ ҚАЖЕТ ПЕ?

Петропавлдағы ұлттық өркендеу мектебі өңірімізде тұрып жатқан өзге этностық топтар ұрпақтарының ана тілін тереңдете үйренулеріне жағдай жасап, халқының салт-дәстүрлерінен, басқа да құндылықтарынан нәр алуын көздейді. Қазақстандағы жергілікті этнос өкілдерінің балаларына аталмыш мектептегі қазақ бөлімінің қажеттігі бар ма деген сауалға оқырмандар пікірлерін білген едік.

ЕСЕПКЕ ЖҮЙРІК ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАЯРЛАЙМЫЗ

Сіздің балаңыз бірнеше секундтың ішінде көптаңбалы сандарды ойша қосып, ала ала ма? Жоқ. Онда балаңызды біздің халықаралық “UCMAS Kazakhstan” ойша есептеу балалар орталығының Петропавл қаласындағы Хименко көшесі, 11 мекенжайында орналасқан филиалына әкеліңіз.

ҰРПАҚҚА ПАЙДАЛЫ ОЙЫН

Бүгінгі таңда ата-бабаларымыздан жалғасқан игі дәстүрді көздің қарашығындай сақтап, оның тереңіне бойлай отырып, жастарды тәрбиелеу міндеті үйде – ата-аналарға, ата-әжелерге, түзде – балабақшадағы тәрбиешілер қауымына жауапты жүк ретінде артылады. Себебі, бауырмалдылықты, татулықты, жанашырлықты, бір-біріне қол ұшын созуды дәріптейтін ұлттық құндылықтардың негізінде қаймағы бұзылмас салмақты тәлім-тәрбиенің қайнар бұлағы жатқаны көпшілікке мәлім.

БОСТАНДЫҚ МЕКТЕБІНІҢ БІР ДІҢГЕГІ

Бостандық орта мектебінің түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша жыл сайын көш бастап келеді. Мәселен, өткен оқу жылында аталмыш мектептің түлектері 103,75 балл жинады және бір оқушымыз “Алтын белгі” иегері болды. Бірақ ауылдың өзі облыс орталығынан шалғайда әрі тұйықта орналасқан. Жол жоқ. Тек мектептің мықтылығы мен онда кілең өз ісін сүйетін білікті мұғалімдер жұмыс істейтіндіктен, …

БОСТАНДЫҚ МЕКТЕБІНІҢ БІР ДІҢГЕГІ Read More »

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК КӨЛЕМІ КЕМІГЕН ЖОҚ

Мен бірнеше жылдан бері қант диабеті сырқатымен диспансерлік есепте тұрғандықтан, осы күнге дейін тегін дәрі-дәрмек алып келген едім. Осы айдан бастап дәрігерлер тегін медициналық препараттар берілмейтінін айтып отыр. Диспансерлік есепте тұрғандар үшін неліктен бұл көмек түрінің қысқарып қалғанын білгім келеді?

СҮТТІҢ ДЕ САНСЫЗ ПАЙДАСЫ БАР

Ғалымдар мен ойшылдар сүтті “денсаулықтың қайнар көзі”, “өмір шырыны”, “ақ қан” деп аса жоғары бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыра алады, ал өзге бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес. Аңыздарға жүгінсек, ежелгі гректердің Абдерах қаласында тұратын атақты дәрігер бір бақуатты адамның баласын емдегенде ешбір емдік шөптің де, дәрі-дәрмектің де пайдасы тимеген. …

СҮТТІҢ ДЕ САНСЫЗ ПАЙДАСЫ БАР Read More »

САҚТЫҚПЕН ҚОЛДАНҒАН ЖӨН

Қазір дәрі-дәрмектің түрі көп. Дәрігердің кеңесінсіз антибиотиктерді жиі қолданатын тұрғындар да бар. Ал антибиотиктерді ретсіз тұтыну түбі жақсылыққа апармайтынын көпшілік біле бермейді. Олар әртүрлі бактерияларға байланысты туындаған инфекцияларды емдеу кезінде қолданылады және адамның барлық ағзаларына күшті әсер етеді. Әсіресе, ауыр инфекциялық аурулардан зардап шеккендер осы дәрі түрі арқылы ғана сауыға алады. Алайда, бұл кез келген …

САҚТЫҚПЕН ҚОЛДАНҒАН ЖӨН Read More »

ҚИЫНДЫҚ КӨРІП ЖҮРМІЗ

Бүгінгі күні облыс орталығында 300-ден астам көру қабілеті нашар адам бар. Ал олардың жүріп-тұруына көмек беру 150-ден артық жеке көмекшіге жүктелген. Екі жанарынан айрылғандарды жетектеп жүріп, діттеген жеріне жеткізетін қызметкерлер айына бар болғаны 3500 теңге ғана жалақы алып жүргені қолыма қалам алуға түрткі болды. Біз күні бойы қарауымыздағы мүгедекті ауруханаға, басқа да қажетті әлеуметтік нысандарға …

ҚИЫНДЫҚ КӨРІП ЖҮРМІЗ Read More »

ТАҢДАҒАНЫ — ТУҒАН ЖЕР

Жоғары оқу орнын бітіре салысымен дипломмен ауылға аттанғандардың бірі – Хеда Ахвадова. Қызылжар ауданына қарасты Соколовка ауылында өмірге келген оның болашағын ауылмен байланыстыруына қарапайым елді мекеннің ыстық топырағында түлеп, ауылдың қоңырқай тұрмыс-тіршілігін көзбен көріп өсуі әсер еткен болар. Орта мектепті тамамдап, өмірдегі ең маңызды қадам – мамандық таңдау уақыты таяғанда екінің бірі атын оздыра алмайтын …

ТАҢДАҒАНЫ — ТУҒАН ЖЕР Read More »