Облыс орталығында аула құрамалары арасында “PetroCup” турнирі аяқталды. Шағын футболдан аула командалары бақ сынайтын турнир биылғы жылы алғашқы рет өткізілгендігіне қарамастан, оған қатысуға 39 команда ниет білдірген. Олардың барлығы топтық сайыста сынға түсіп, финалдық кезеңге 16 құрама жолдама алды.
Жарыс қорытындысы бойынша “Динамо” құрама командасы жеңістің бірінші сатысына көтерілсе, “Әділет” пен “Қарасай” құрамалары екінші және үшінші орынға ие болды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
(Өз тілшіміз).