БАЛУАНДАРЫМЫЗДА – БЕС МЕДАЛЬ
Солтүстікқазақстандық балуандар Степногорск қаласында өткен ел біріншілігінен жүлделі оралды. Грек-рим күресінен өңірімізге әйгілі бапкер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Беспай Қайыповтың құрметіне өткізілген байрақты додада 6 бірдей күрес шебері өңіріміздің намысын қорғап, жемісті өнер көрсетті.