«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2015 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестиция – 1,8 есе, құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 есе ұлғайды.

2015 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 1,8 есе артық.

2015 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 10,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 5,6% артық. Мал мен құстың барлық түрлері тірідей салмақта союға 15,7 мың тонна өткізілді (2014 жылғы қаңтар-ақпанда 101,9%), 33,2 мың тонна сүт өндірілді (107,2%), 75,3 млн. тауық жұмыртқасы алынды (127,2%).

2015 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарын, үй шаруашылығы секторын қоса) қолданыстағы бағамен 23,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 64,7% алатын өңдеу өнеркәсібінде 15,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда азық-түлік өндірісі 3,8%-ға өсті.

Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдары өз күшімен 1706,1 млн. теңгенің мердігерлік жұмысын атқарды немесе 2014 жылғы қаңтар-ақпаннан 1,5 есе артық. 2015 жылғы қаңтар-ақпанда жаңа 65 ғимараттың құрылысы аяқталды, оның 57-сі – тұрғын және 8-і – тұрғын емес мақсатта.

Облыс аумағында тұрғындар және кәсіпорындар жалпы көлемі 7051 шаршы метр тұрғын үй салды (өткен жылғы деңгейден 101,8%). Тұрғын үйдің жалпы аумағының 1 шаршы метр құрылысының орташа құны 45,9 мың теңгені құрады (2014 жылғы қаңтар-ақпанда – 50,1 мың теңге).

2015 жылғы қаңтар-ақпандағы бөлшек сауда көлемі 19,6 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,8% ұлғайды. Базарлар мен жеке кәсіпкерлер үлесі – бөлшек сауда көлемінің 55,2%-ы. Көтерме сауда көлемі 48,7 млрд. теңгені құрады.

Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp