«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ және ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2013 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 4,9%-ға, ауыл шаруашылығыныкі – 14,6%-ға, бөлшек сауданікі 29,2%-ға ұлғайды.

2013 жылғы қаңтар-қарашада облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарын, үй шаруашылығы секторын қоса) қолданыстағы бағада 136 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 75,5% алатын өңдеу өнеркәсібінде 102,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 5,8%-ға артық.

2012 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда азық-түлік өндірісі 7%-ға өсті. Өңделген сұйық сүт және кілегей өндіру – 87,4%-ға, ет және азықтық ет өнімдері – 16%-ға, үй құсының еті – 37,6%-ға, сары май – 5,9%-ға, жаңа піскен нан өндірісі 4,1%-ға артқан.

Жиһаз өндіру – 10,8%-ға, металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 30,6%-ға, машина жасау өнімдері өндірісі – 6,2%-ға, фармацевтикалық өнімдер өндірісі – 4,8%-ға, химиялық өнімдер өндірісі 23,8%-ға ұлғайған. Ерлер киімі – 2,1 есе, асүй жиһазы 19%-ға артық өндірілді.

2013 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 274,7 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-қарашадағыдан 14,6% артық). Мал мен құстың барлық түрлері тірідей салмақта союға 87,5 мың тонна өткізілген (2012 жылғы қаңтар-қарашадағыдан 1,9% артық), 437,9 мың тонна сиыр сүті сауылған (4,9%-ға), 451,7 млн. дана (13%-ға) тауық жұмыртқасы алынған.

Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдарының өз күшімен 29,4 млрд. теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды (2012 жылғы қаңтар-қарашадағыдан 13,1% артық). 2013 жылғы қаңтар-қарашада жаңа 485 ғимараттың құрылысы аяқталды, оның 434-і – тұрғын және 51-і – тұрғын емес мақсаттағы.

2013 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 83,3 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-қарашадағыдан 4,9% артық). Негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландыру көзінің 72,8%-ы шаруашылық жүргізетін субъектілердің өзіндік қаражаты болып табылады, қарыз қаражатына – 6,5%, бюджет қаражатына – 20,6%, шетелдік қаражатқа 0,1% келеді. Ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы инвестиция көлемінің 50,8%-ы), көлік және қоймалау (16,8%), өнеркәсіп (15,5%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (6,3%), ақпарат және байланыс (3,6%) негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылады.

Тұрғын үй құрылысына 5141,3 млн. теңге бағытталды (2012 жылғы қаңтар-қарашадағыдан 4,9% артық). Облыс аумағында тұрғындар және кәсіпорындар жалпы көлемі 72389 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді (2012 жылғы қаңтар-қарашаға 140,1%).

2013 жылғы қаңтар-қараша ішінде тасымалдаушылардың барлық санаттары 44,7 млн. тонна жүк (2012 жылғы қаңтар-қарашадағыдан 8,8% артық) және 450,1 млн. жолаушы тасымалдады (2012 жылғы қаңтар-қарашаға 104,9%).

2013 жылғы қаңтар-қарашадағы бөлшек сауда көлемі 113,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 29,2%-ға ұлғайды, көтерме сауда 245,3 млрд. теңгені құрады (4%-ға). Талданып отырған кезеңде қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 2,5 млрд. теңгені (4,4% артық) құрады.

2013 жылғы қаңтар-қарашада бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 73 251 теңгені құрады.

2013 жылғы 1 қарашаға облыс тұрғындарының саны 576,3 мың адамды құрады, соның ішінде 240,7 мың адам (41,8%) – қалалық, 335,6 мың адам (58,2%) – ауылдық тұрғындар. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы халқының 3,4%-ы тұрады.

2013 жылғы қаңтар-қазанда жаңа туған 7313 сәби тіркеліп, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 0,1%-ға кем болды, 6399 шетінеу (1,5%-ға кем), 4030 некелесу, 1713 ажырасу тіркелді.

2013 жылғы қаңтар-қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 8,2%-ға өсіп, 73 251 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 9,9%-ға өсіп, сәйкесінше 76 073 теңгені құрады. Нақты жалақы сәйкесінше 2,2% және 3,8%-ға өсті. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-қарашада 477,5 АҚШ долларын немесе 353,6 еуроны құрады.

Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтар-қарашада 2012 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда –17,4%, өнеркәсіпте – 16,7%-ға, құрылыста – 9,1%, көлік және қоймалауда – 9,6%, ақпарат және байланыста 8,9%-ға ұлғайды.

Өнеркәсіпте жалақы 74 011 теңгені құрады, құрылыста – 72 371 теңге, саудада – 59 001 теңге, көлік және қоймалауда – 105 702, ақпарат және байланыста – 104 448 теңге.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2013 жылғы қараша айының соңына 1410 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тірелген жұмыссыздардың үлесі 0,4%-ды құрады. 2013 жылғы қаңтар-қарашада 10756 адам жұмыспен қамтылды немесе өтініш білдіргендердің 97,4%-ы.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2013 жылғы қарашада 15 599 теңгені құрады және өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,8%-ға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 9 360 теңгені құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,7%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына – 3,1%, азық-түлік емес тауарларға – 2,2%, ақылы қызметтерге 5,7% өсті.

2013 жылғы қарашада бағаның жұмыртқаға – 20,8%, темекі бұйымдарына – 3%, сүт өнімдеріне – 1,9%, алкогольсіз сусындарға – 1,1%, жеміс және көкөністерге – 0,9%, ет және ет тағамдарына – 0,6%, май және тоң майға – 0,4%-ға өсуі белгіленген. Жармалар 0,5%-ға арзандады.

Баға жуу және тазалау құралдарына – 0,7%, киім мен аяқкиімнің жекелеген түрлеріне – 0,5%, үй тұрмысына қажетті заттарға, тұрмыстық техникаға – 0,3%, қатты отынға 0,1%-ға өсті.

Орталықтан жылыту, ыстық сумен жабдықтау тарифтері 7,6%-ға көтерілді. Демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер – 2,8%, амбулаторлық қызметтер 0,3%-ға қымбаттады. Темір жол көлігімен жол жүру 5,5%-ға арзандады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp